Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрмат Мансұр Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқаруға қабылданды

Нұрмат Мансұр Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқаруға қабылданды

Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының бұйрығымен Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі басшысының міндетін атқаруға қабылданды.

Мансұр Нұрмат Абдуллаұлы 2006 жылы Қазақ Заң гуманитарлық университетін «Заңгер», 2025 жылы Қызылорда Ашық университетін «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы бойынша бітірді. Экономика ғылымдарының магистрі.

2006-2007 жылдары Қызылорда облыстық халық шығармашылығын дамыту және продюсерлік орталығында маман, 2008-2014 жылдары «Қоғам» телеарнасында редактор, 2012-2014 жылдары «Таным мен Тағылым» республикалық газетінде атқарушы директор, 2014-2020 жылдары «Шалқар» ұлттық радиосында редактор, аға редактор, бөлім жетекшісі, 2020-2024 жылдары Қызылорда қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарасты Мәдина Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры қызметтерін абыроймен атқарды.

2024 жылдан осы уақытқа дейін Қызылорда қалалық «Жастар» театрының директоры қызмет атқарып келді.

Н. Мансұр «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Сырдария ауданының Құрметті азаматы, ҚР Құрмет грамотасының, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері.

Қызылорда облысы мәдениет басқармасы

20 сәуір 2026 ж. 52 0