Тағайындау

Айдын Бөкенбайұлы 1981 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Жоғары білімді. 2002 жылы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Журналистика» мамандығы, 2008 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2001 жылы Қызылорда облыстық телерадиокомпаниясында редактор ретінде бастаған.
2002-2018 жылдары облыстық және қалалық әкімдікте түрлі басшылық қызметтерде болған. Қала әкімінің орынбасары, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы, оның ішінде, 2013-2014 жылдары осы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін абыроймен атқарды.
2018 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры, орынбасары қызметтерінде болды.
2024 жылдың мамыр айынан бастап осы кезге дейін қалалық қоғамдық даму бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.