Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Нұрмат Мансұров басшылық қызметке тағайындалды

Нұрмат Мансұров басшылық қызметке тағайындалды

«Қалалық мәдениет Үйі, клубтар және халықтық ұжымдар» МКҚК қарасты М.Ералиева атындағы мәдениет үйінің директоры қызметіне Мансұров Нұрмат Абдоллаұлы тағайындалды, – деп хабарлайды halyqline.kz.

Нұрмат Абдоллаұлы 1985 жылы 24 наурызда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, С. Сейфуллин ауылында туған.

Жоғары білімді: Қызылорда қаласының Қазақ Заң Гуманитарлық университеті «Әділ сот және сот төрелігі» факультетінің түлегі.

2006 жылы облыстық Халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығында қызмет атқарды.

2007-2014 жылдары «Қызылорда» қоғамдық телерадиокомпаниясында редакторлық қызмет және «Ақ сөйле» қоғамдық бірлестігінде жетекшілік қызмет атқарды.

2014-2020 жылдар аралығында, «Шалқар» ұлттық арнасының редакторы қызметін абыроймен атқарып, радиода «Сөз патшасы». «Айтыс ақтаңгері», «Мүфти мінбері» хабарларының, сондай-ақ «Айтыс» бағдарламасының жүргізушісі болды.

Бірнеше дүркін халықаралық, республикалық айтыстардың бас жүлдегері. Сырдария ауданының Құрметті азаматы.

Қазақтың айтыс өнерін насихаттау мақсатында Түркия, Франция, Өзбекстан Республикаларында өнер көрсеткен дарабоз ақын.
13 тамыз 2020 ж. 1 274 0