Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ортақ іске – тең жауапкершілік

Ортақ іске – тең жауапкершілік

Акцияға қатысушылар белгіленген ау­мақта бірлесіп тал көшеттерін отыр­ғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жал­пы саны 1700 түп көшет егілді. Бұл бас­тама ауданның көркейіп, экологиялық мә­дениеттің қалыптасуына және тұрғындар үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады. Алдағы уақытта да осын­дай экологиялық бағыттағы жұмыстар жү­йелі түрде ұйымдастырылып, аудан ау­мағында көгалдандыру қарқын ала бер­мек. Бірлескен еңбектің нәтижесінде аудан келбеті жаңарып, табиғатпен үйлесімді даму­дың жарқын үлгісі қалыптаса береді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жақында Ақордада ғалымдармен кез­­десуге арналған жиында «Таза Қазақ­стан» жалпыұлттық жобасының түпкі мәні қоғамдық сананы жаңғырту екенін атап өтті.

– Қоғамда тазалықты сақтау, қор­ша­ған ортаны қорғау мәдениетін ор­нық­тырудың мән-маңызы зор. Осы рет­те «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жоба­сын айрықша атап өткен жөн. Бұл бас­тама қала мен ауылды абаттандыру жұмы­сымен шектелмейді. Оның түпкі мәні – қоғам­дық сананы жаңғырту. Сол арқылы азамат­тарымызды қастерлі Отанымыз – Қазақстанның тағдырына бей-жай қара­май, болашақтың іргесін бірге қалауға шақыра­мыз. Жауапкершілік, әділдік, өзара құр­мет бар жерде ғана өсіп-өркендеуге, даму­ға жол ашылады. Бұл – өркениетті мем­лекеттер мен халықтардың барлығына ортақ ұстаным, – деді Мемлекет басшысы.

Экологиялық акция шеңберінде сенбілік өткі­зіліп, аудан тұрғындары айналаны қо­қыстан тазартты. Аудан әкімі Берік Сәрменбаев іс-шара барысын аралап көрді. Қоршаған ортаны таза ұстауға байланысты пікір білдіріп, тәртіпке бағынбай, айналаны қоқысқа толтыратын жергілікті тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізу керектігін ескертті.

– Бүгінгі тал егу іс-шарасы – еліміздің экологиялық ахуалын жақсартуға бағыт­талған ауқымды жұмыстың бір бөлігі. Әр­бір отырғызылған көшет – келешек ұр­пақ­қа қалдырылатын баға жетпес мұра. Табиғатты қорғау, туған жердің тазалығын сақтау – баршамызға ортақ міндет. Сон­дықтан мұндай игі бастамаларға тұр­ғын­дардың, жастардың, кәсіпорындар мен мекемелердің белсенді қатысуы аса маңызды. Біз бірлесе әрекет еткенде ғана өңірімізді жасыл желекке айналдыра аламыз, – деді аудан әкімі.


Аудан басшысы «ҚазГерМұнай» компа­ния­­сының өңірдің әлеуметтік-экономика­лық дамуына ғана емес, экологиялық ахуа­лын жақсартуға да тұрақты түрде үлес қо­сып келе жатқанын атап өтті.

– Бүгінгі іс-шарада олардың белсенділігі мен ұйымшылдығы көпке үлгі болды. Осын­дай жауапты да жанашыр ұжымдардың арқасында ауданымыздың келбеті көр­кейіп, табиғаты жаңарып келеді. Бұл – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын көрінісі. Табиғат – біздің ортақ үйіміз. Оны таза ұстау, көркейту – әрбір азаматтың парызы. Бүгінгі отырғызылған әрбір тал ертең саялы баққа айналып, аудан тұрғындарына қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Сондықтан баршаңызды осындай игі бастамалардан шет қалмауға шақырамын. Сенбілік – тек тазалық жұмысы ғана емес, бұл – бірлік пен ұйымшылдықтың кө­рінісі. Осындай шаралар арқылы біз қоғамда жауапкершілік пен ортақ іске деген құрметті қалыптастырамыз. Әрбір азамат туған жерінің тазалығына бей-жай қарамауы тиіс, – деді аудан басшысы.

Сондай-ақ аудан көлемінде сенбілік ұйымдастырылып, ауқымды жұмыс ат­қарылды. Әрбір мекеме қызметкерлері өздеріне бекітілген көше бойында көр­кейту-көгалдандыру жұмыс­тарын жүргізіп, аулаларды қоқыстан тазарт­ты. Алдағы уақытта да сенбілік жұмыс­тары жалғасын табады.


Б.АЯБЕКҰЛЫ
14 сәуір 2026 ж. 560 0