Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 66 газет

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 газет

29 тамыз 2026 ж.

№64 газет

25 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті

Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысумен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тал егу іс-шарасы өтті. Игі шараға ҚазГерМұнай жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметкерлері, Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі қызметкерлері, аудан тұрғындары мен еріктілер белсене атсалысты.

Акцияға қатысушылар белгіленген аумақта бірлесіп тал көшеттерін отырғызып, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Жалпы саны 1700 түп көшет егілді. Бұл бастама ауданның көркейіп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына және тұрғындар үшін таза әрі қолайлы орта қалыптастыруға өз үлесін қосады.

Алдағы уақытта да осындай экологиялық бағыттағы шаралар жүйелі түрде ұйымдастырылып, аудан аумағында көгалдандыру жұмыстары қарқын ала бермек. Бірлескен еңбектің нәтижесінде аудан келбеті жаңарып, табиғатпен үйлесімді дамудың жарқын үлгісі қалыптаса береді.

Аудан тұрғындарын қоршаған ортаны таза ұстап, көркейту-көгалдандыру жұмыстарына үлес қосуға шақырамыз!

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

10 сәуір 2026 ж. 430 0