«Таза Қазақстан » экологиялық акциясы аясында 2100 түп көшет отырғызылды
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған жалпыұлттық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында бүгін ауқымды тал егу жұмыстары жүргізілді. Игі шараға аудан әкімі Берік Сәрменбаев, мекеме қызметкерлері, ерікті жастар және аудан тұрғындары белсенді түрде қатысты.Аталған акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді көгалдандыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Осы бағытта ұйымдастырылған шара барысында аудан аумағында 2100 түп көшет отырғызылды.
Сонымен қатар, экологиялық акция аясында тал егу жұмыстарымен қатар тазалық шаралары да кең көлемде ұйымдастырылды. Ауданда өткен жаппай сенбілік барысында көшелер мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылып, көктемгі абаттандыру жұмыстары жүргізілді.
Барша тұрғындарды ауданымыздың тазалығын сақтауға және игі бастамаларға белсене қатысуға шақырамыз!
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі










