Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Абыройлы еңбекпен – құрметті зейнетке

Абыройлы еңбекпен – құрметті зейнетке

Адам баласы есейіп, кейінгіге көз салғанда өткен өмірінің әрбір кезеңіне ойша есеп береді. Осындай үлкен белестің бірі – зейнет жасы. Бұл кезеңге жету өзінше бір қуаныш, бір бақыт, жаңа кезеңнің бастауы іспетті. Еңбек пен қызмет еленген әсерлі кешке куә болдық. «АХАТ» бөлімінде білім саласының майталман маманы Ләззат Мығымбаеваны әріптестері құрметті демалысқа шығарып салды.

Ұрпақтар сабақтастығын жалғаған жиын­ға білім бөлімінің басшысы Еркебұлан Жақып, білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Есназар, ардагер ұстаздар, кеш иесінің алғашқы ұстазы, әріптестері, шәкірттері, туыстары арнайы қатысты. Бұл сал­танатты жиын әдемі тілекке, шынайы ниетке, құшақ-құшақ гүлге толы болды. Ең алдымен білім бөлімінің басшысы аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлының арнайы құт­тықтауын табыстады.

– Сізді саналы ғұмырыңызды білім саласына арнап, жас ұрпақты тәрбиелеу жо­лында аянбай еңбек еткен абыройлы сәт – зей­неткерлікке шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жылдар бойы ұрпаққа сапа­лы білім мен саналы тәрбие беріп, өз ісінің нағыз шебері бола білдіңіз. Қызметте шың­дала жүріп, өзіңізден кейінгі буынды тәрбиелеп, тәжірибеңізбен бөлістіңіз. Сіз­дің кәсіби біліктілігіңіз бен адамгершілік қа­сиет­теріңіз, еңбекқорлығыңыз бен табан­дылығыңыз әріптестеріңізге үлгі, кейінгі буынға өнеге болды. Білім беру саласының дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз, ел бо­лашағын тәрбиелеудегі адал қызметіңіз әр­дайым жоғары бағаланады. Осы бір құрметті кезеңде Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық, шаттық пен береке тілеймін! Еңбегіңіздің жемісін көріп, ұрпағыңыздың қызығына бөлене беріңіз, – деді Еркебұлан Төлепбергенұлы.

Өз кезегінде Алмас Зейноллаұлы әріптесін құттықтап, білім бөлімінің ар­найы құттықтауын табыстап, сый-құрмет көрсетті. Одан кейін әріптес, қызметтестері, шәкірттері мен ұстаздары шынайы лебізін арнады.

Айта кетейік, Ләззат Рысмаханқызы – Сәкен Сейфуллин ауылының тумасы. Ол ұстаздық ұлы жолға кездейсоқ келмеген. Әкесі Мығымбаев Рысмахан еңбек жолын мұғалімдік мамандықтан бастаған, 1951 жылы Тереңөзек ауданында оқушылар тыны­ғатын тұңғыш «Пионер лагерін» ашқан. Анасы Пареш Сүйінтаева үй шаруасында болған. Ләззат Мығымбаева Н.Гоголь атындағы педагогикалық институтының физика-математика факультетін математика және физика пәні мұғалімі мамандығы бойынша оқып, білім алған. Еңбек жолын мектеп мұғалімі болып бастаған ол 2003 жылдан бастап аудандық білім бөлі­мінде жетекші маман, бас маман, бөлім бас­шысының міндетін атқарушы қызметтерін абыроймен атқарған. Қырық жылға жуық уақыт білім саласында елеулі еңбек етіп, шәкірт тәрбиелеп, ұрпақ тәрбиелеу ісіне үлес қосып келеді. Еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің, облыстық білім басқармасының «Құрмет грамотасы», аудан басшылығының арнайы алғысымен мара­патталғанын айта кету орынды.

Саналы ғұмырын білім мен тәрбиеге арнаған абзал жанның еңбек жолы – кейінгі буынға үлгі боларлық өнеге. Жылдар бойы жинаған тәжірибесі мен сіңірген еңбегі шәкірттерінің жетістігі арқылы жалғасын таба бермек. Зейнеткерлік – еңбектің жемісін көріп, өмірдің жаңа бір белесіне қадам басу десек, құрметті кезеңде ардагер ұстазға ізгі тілектестігімізді білдіреміз.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ


14 сәуір 2026 ж. 99 0