Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 65 газет

30 тамыз 2025 ж.

№ 64 газет

26 тамыз 2025 ж.

№ 63 газет

23 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ана тіршіліктің тірегі!

Ана тіршіліктің тірегі!

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай, білім саласына елеулі үлес қосып жүрген аяулы жандарға құрмет көрсетілді. Бөлім басшысы Жақып Еркебұлан Төлепбергенұлы ардагер-ұстаздары мен білім саласында еңбек етіп жүрген педагогтарды арнайы құттықтап, марапаттар табыстады.

Әйел-аналар – отбасының ғана емес, елдің тірегі, қоғамның белсенді мүшесі екендігін атап көрсете отырып, көңілге көктем, баршамызға мерейлі мерекенің ажарын келтірген ардақты аналарға, аяулы аруларға білім бөлімі басшысы үлкен алғысын білдірді.

Сонымен қатар, аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Алмас Зейноллаұлы бүгінгі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің ұйытқысы болып жүрген ару қыздарымызды мерекелерімен құттықтап, ақ пейілді, дархан жүректі нәзік жандарға зор денсаулық, қажырлы еңбектеріне биік белес пен толағай табыстар тіледі.

Мерекелік жиын жылы лебіздерге, көтеріңкі көңіл-күйге және алғысқа толы болды. Ұстаздар қауымы осындай құрметке ие болғандарына ризашылық білдіріп, өз кезегінде жас ұрпақты тәрбиелеу жолында аянбай еңбек ететіндерін жеткізді.

07 наурыз 2025 ж. 164 0