Білім саласының ардагерлеріне құрмет
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Е.Жақып пен аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы А. Есназар білім саласында ұзақ жылдар бойы еңбек еткен ардагер ұстаздарға арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.Кездесу барысында ардагерлердің ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі қажырлы еңбектері ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, ардагерлерге алғыс білдіріліп, Жаңа жылға орай ақжарма тілектер айтылды.
Ардагер ұстаздардың өмірлік тәжірибесі мен өнегелі жолы кейінгі буын педагогтері үшін үлгі екені айтылып, білім саласындағы сабақтастықты сақтау мен үлкенге құрмет көрсету құндылықтарының маңыздылығы атап өтілді.
Аталған кездесу білім саласы ардагерлеріне құрмет көрсету, әлеуметтік қолдау білдіру және мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.










