Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағзым мен тағылым тоғысқан тағылымды іс-шара

Тағзым мен тағылым тоғысқан тағылымды іс-шара

2026 жылғы 7 сәуірде Мәңгілік алау мемориалдық кешені аумағында тағылымы мол, елдік маңызы зор салтанатты шара өтті. Бұл жиын Тәжік-Ауған шекарасындағы әскери қызметтің аяқталып, Қазақстандық жауынгерлердің елге оралғанына 25 жыл толуына арналды. Ерлік пен елдік рухты ұлықтаған бұл күн — өткенге тағзым, бүгінге өнеге, болашаққа бағдар болған маңызды оқиға ретінде есте қалды.

Іс-шара Қызылорда қаласының әкімдігі мен әскери құрылымдардың бірлесуімен ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өтті. Салтанатты жиынға әскери қызметшілер, ардагерлер, жастар және қала тұрғындары қатысып, ел қорғаған ерлердің рухына құрмет көрсетті. Бұл — ұрпақтар сабақтастығын жалғайтын, патриоттық тәрбиені дәріптейтін маңызды басқосу болды.

Жиын барысында 5547 әскери бөлімінің жеке құрамы сап түзеп, әскери тәртіп пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Сарбаздар мемориалға гүл шоқтарын қойып, ел тыныштығы үшін жанын қиған батырлардың рухына тағзым етті. Бұл сәт көпшілікке ерекше әсер сыйлап, жүректерге мақтаныш сезімін ұялатты.

Фатима МАРАТОВА, 
Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық
жұмыстар бөлімше бастығының
(мемлекеттік тіл бойынша) аға көмекшісі

08 сәуір 2026 ж. 71 0