Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 36 жыл

Іс-шара барысында сөз алған қала әкімінің орынбасары Д.Тұрсынбаев қаза болған жауынгерлердің жарқын бейнесі ұрпақ жадында жаңғырып, ерліктің үлгісі болып қала беретінін атап өтті. Қатысушылар ескерткішке гүл қойып, майданда опат болған сарбаздардың рухына құран бағыштады. Ауған ардагерлерін еске алу іс-шарасы салтанатты жиынға ұласты. Оған облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Р.Каюпов қатысты.
«Тарих жылнамасынан өзінің қаралы жылдарымен есте қалған зұлматтың бірі – Ауған соғысы. Жылдар өтсе де, ержүрек жауынгерлеріміздің өшпес ерлігі ел есінде. Жыл сайын ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, олардың рухтарының алдында бас иеміз. Олар мәңгілік біздің жүрегімізде» – деді Руслан Мұхамедәліұлы.
Шара барысында басқарма басшысы Р.Каюпов бірқатар ауған соғысы ардагерлеріне облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатын табыстады.
Айта кетейік, ардагерлер ұйымдарының үйлестіруімен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде қаза болған жауынгерлердің рухына ас беріліп, Ақсуат ауылдық округіндегі спорт кешенінде ардагерлер арасында шағын футбол турнир өтті.
Өңірлік Коммуникациялар Қызметі
Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі