Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сандар сөйлейді: Туған күн арқылы бойдағы жасырын талантты қалай білуге болады?

Сандар сөйлейді: Туған күн арқылы бойдағы жасырын талантты қалай білуге болады?


Талантсыз адам болмайды – әрқайсысымызды табиғат ерекше дарынмен жаратқан. Дегенмен көпшілігіміз бойымыздағы қабілетті тым кеш біліп жатамыз. Нумерологияның арқасында құпия қабілетті біліп, дамытуға да болады екен деп хабарлайды lifepublic.ru порталы.


Ол үшін туған күн, ай, жылыңыздың сандарын 1 мен 9 арасындағы сан шыққанша бір-біріне қосыңыз. Мәселен, сіздің туылған күніңіз 17.01.1975. Сандардың барлығын қосамыз: 1+7+0+1+1+9+7+5=31=3+1=4. Талант саны - 4. Керекті санды есептеп болғаннан кейін сәйкес мәтінді оқу ғана қалды.
1 – көшбасшылық қабілеттің символы. Сіз кез келген ұжымдық жұмыста жетістікке жете аласыз, себебі сіз адамдарды соңыныздан ерте аласыз. Осы санға талант саны сәйкес келетін адамдар бірбеткей, тәртіпті, пысық әрі жауапкершілігі мол болып келеді. Олар туылғанынан бастап басшылар. Егер сіз жұмысыңызда баяу қимылдасаңыз, тезірек өзіңізді қолыңызға алып, алға қарай ұмтылыңыз.
2 – келісім мен бітімгершіліктің символы. Бұл адамдар кез келген адамды көндіре алады, қандай қиын мәселе болса да оңай әрі тиімді жолын табады. Олар жалпы барлық салада жетістікке жете алады, әсіресе психолог, адвокат, саясаткер мамандығын иеленгені дұрыс.
3 – шаттық пен шабыт белгісі. Талант саны осы санға сәйкес келетін адамдар ерекше қиял мен энергияның көзі болып табылады. Олар жаңа креативті заттарға құмар. Бұл адамдар суретші немесе актер ретінде үлкен белестерді бағындыра алады.
4 – іскерлік пен тиянақтылық белгісі. Кез келген ауыр әрі қиын жұмыстарды шешуден бас тартпайды. Олар есеппен, сызбалармен жақсы жұмыс істейді, нақты жоспарлар құрады. Сондықтан көбінесе қаржы немесе сәулет өнері саласында өзін көрсете біледі.
5 – жаңа нәрсені білуге құмарлық пен сарқылмас энергетиканың белгісі. Бұл сан иелері табиғатты жан-жақты зерттеуге, білуге және оны өзгелерге түсіндіруге, таныстыруға құмар. Олар білімдерін дамытымен, ғылыммен көп айналысады. Олар тамаша мұғалімдер, зерттеушілер, археологтар шығады.
6 – адалдық пен парыз белгісі. Табиғат бұл санның иелерін адамзатқа қызмет етуге деген үлкен жауапкершілікпен жаратқан. Олар керемет тәрбиелеушілер, мұғалімдер немесе дәрігерлер. Тіпті олар қандай мамандықта болмасын адамдарға көмектесуге, жанашырлық танытуға, демеу беруге дайын тұрады.
7 – жасампаздық пен даналықтың белгісі. Олар жоғары ойлау қабілетімен ерекшеленеді. Бұл адамдар мәселеге тез кіріп кетеді және оның түбіне терең бойлап, туындау себебіне үңіледі. Өте ақылды, адамды бір көргеннен таниды. Шығармашылықта болсын, іскерлікте болсын өзін жақсы дамыта алады.
8 – күш пен еркіндіктің белгісі. Бұл сан иелері туындаған кез келген қиын мәселенің шешімін тауып, жолында кезіккен қиындықтарды жеңіп өтуге дайын. Олар барлық салада мол табысқа кенеледі, әсересе физикалық жұмыстарда, яғни спортта.
9 – шығармашылық белгісі. Олар өздері ойынан құрап алған мінсіз адамға жетуге талпынады. Бұл адамдар өздерін шығармашылық жағынан дамыта алады. Мәселен музыка, кино, жазушылық салалары олар үшін өте қолайлы.
11 шілде 2018 ж. 1 214 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 11:40
Propecia Effectivness Viagra Online Next Day viagra prescription Cialis Eccipienti

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 12:08
Le Viagra Marche Online Pharmarcy viagra vente internet Cialis Disfunzione Erettile Keflex Staph Infection