Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адам есімі оның тағдырын анықтайды: Құпия сан арқылы жан дүниеңізді таныңыз

Адам есімі оның тағдырын анықтайды: Құпия сан арқылы жан дүниеңізді таныңыз


Есім – адам жаны мен тағдырының ажырамас бөлігі, ішкі «меніңіздің» айнасы. Әр түрлі орындарда айналадағы адамдар бізді түрліше атайды. 
Осыған байланысты түрлі ғаламшар өз қарамағына алады. Әлеуметтік желіде қызығушылық тудырған адам есімі мен ғаламшар байланысы туралы құпияны NUR.KZ назарға ұсынады.

Есептеу белгілері мен аспан денелері бір бірімен тығыз байланыста. Бірден тоғызға дейінгі әрбір сан белгілі бір ғаламшармен сәйкес келеді.

Өзіңіздің жеке құпия саныңызды есептеу арқылы тағдырыңызға әсер ететін ғаламшарды анықтауға болады.

Ол үшін атыңыз мен тегіңіздегі барлық әріптерді сандармен сәйкестендіріңіз:

1 — А, И, С, Ъ

2 — Б, Й, Т, Ы

3 — В, К, У, Ь

4 — Г, Л, Ф, Э

5 — Д, М, Х, Ю

6 — Е, Н, Ц, Я

7 — Ё, О, Ч

8 — Ж, П, Ш

9 — З, Р, Щ

Есептеп тапқан саныңыз арқылы тиесілі ғаламшарыңызды анықтаңыз. Ғаламшарды анықтау арқылы сіз өзіңізді тани аласыз. Нәтижелерге орай мінез-құлқыңызға сәйкес келетін немесе қарсы адамдар туралы білуге болады.

1 саны: Күн – ерте кезден-ақ, барлық нәрсенің бастауы. Бұл сан басқа кез келген санның құрамына кіреді. Күн ғаламшарының қолдауындағы адамдар мықты болып келеді, көп жағдайда олар өз ортасының – лидерлері. Олар барлық жұмыста да жетістікке оңай жете алады. Күн адамдары билік пен басшылыққа құмар, жауапкершілік, әділеттілік, жомарттық секілді қасиеттерді бойына жинаған.

2 саны: Ай. Ай ғаламщарының қолдауындағы адамдар эмоцияға тез берілгіштігімен ерекшеленеді. Бұл адамдар аңқау әрі ашық мінезді. Өзге адамдармен тез тіл табысады, кез келген ортаға тез сіңіп кетеді. Олар жетістікке жетудің оңай жолын табуға биім. Сонымен қатар адал келеді. Ай ғаламшарының адамдары тәуелсіз, еркін әрі жауапты келеді.

3 саны: Юпитер. Юпитер ғаламшары оптимизммен ерекшеленеді. Олар өз араласатын ортасына сыйластықпен қарым-қатынас жасайды және өзіне солай болғанын қалайды. Бұл адамдар бақыт пен жетістікті магнит секілді өзіне тартады. Олар ешқашанда өзінен көмек сұраған адамдарға қол ұшын созудан бас тартапайды.

4 саны: Уран. Бұл ғаламшарға иелік ететін адамдар қырсық әрі бірбеткей келеді. Олардың әлемге деген өз көзқарасы мен жеке өмірлік ұстанымдары бар. Олардың ең басты қасиеті – тәуелсіздік. Көбінесе табиғатқа жақын, әрі жақын араласатын адамдары да солай болғанын қалайды. Өзінің бойындағы еңбекқорлығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен көзге түседі.

5 саны: Меркурий. Меркурий ғаламшарының қолдауындағы адамдар іскер келеді, қандай жұмысты қолға алса да, қолынан келеді. Олар тез жұмыс жасайды, тез ойланады, тез шешім қабылдайды. Көбінесе өзін-өзі дамытуға көңіл бөледі, сонымен қатар сыншыл келеді, жақындарына сын айтуға келгенде шебер. Үй шаруыасына аса қабілетті болмағанымен, жұмыстың барлық түрін бірден игеріп кете алады.

6 саны: Венера. Венера ғаламшарының адамдары сезімтал болады. Олар табиғатынан сұлулық пен ғажайыпқа жаны құмар, өте тартымды келеді. Өзің дамытуға қаражаты қашанда жеткілікті, себебі бұл ғаламшардың қолдауындағы адамдар ауқатты адамдармен тұрмыс құрады. Өзіне берілген жұмысты жауапкершілікпен атқарады, дегенмен демалыс пен жан рахатын жұмыстан артық көреді.

7 саны: Нептун. Нептун ғаламшарының адамдары қарама қарсы жыныс мүшесімен оңай тіл табысуымен көзге түседі. Дін және философияға әуес. Олар ақшаны жақсы таба алады, дегенмен тез жұмсап жібереді. Көп жағдайда олар бастаған ісін аяғына дейін жеткізбейді. Физикалық тұрғыдан әлсіз, шешім қабылдауға келгенде қиналады.

8 саны: Сатурн. Сатурн ғаламшарындағы адамдар жалғыз келеді, сондықтан болар көп жағдайда адамдармен қарым қатынас орнатуы қиынға соғып жатады. Сырт көзге өте суық әрі қатал көрінгенімен, мінезі жұмсақ әрі ашық келеді. Олар бірқалыпты өмірге бейім. Көбінесе адамды өзіне тез баурап алады, тіпті тез басқарып кетеді.

9 саны: Марс. Бұл ғаламшардың адамдары бақыт үшін күрестен ешқашан бас тартпайды.Олар өзіне қарама қарсы пікірдегі адаммен бетпе бет келген жағдайда өзінікін дәлелдеу үшін барын салады. Сонымен қатар олар өзімшіл келеді, нәтижесінде отбасы мен жұмыста түрлі мәселелерге жиі тап болып жатады.
07 наурыз 2018 ж. 3 715 2

Гость JeaOrer от 27 ақпан 2019 09:15
Levitra 10 Purim Levitra Dopo Mangiato levitra sold over the counter Viagra Prezzo Farmacia

Гость JeaOrer от 15 наурыз 2019 18:59
Propecia Ansia Da Prestazione cialis without prescription Pump It Global Caplet E Alopecia Finasteride Propecia Ed