Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті
«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясы отырысының отырысы өткізілді. Жиынға облыстық мәслихат депутаты, Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов төрағалық етті.Комиссия отырысының күн тәртібінде негізгі мәселе қаралды. Комиссия отырысына аудандық мәслихат депутаттары Ә.Серікбаев, М.Бакуов, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы, тиісті бөлім, мекеме басшылары қатысты.
Бірінші мәселе «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасындағы 2026 жылға арналған индикаторларының орындалуы мен аудандағы құрылыс саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы Сырдария аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы С.Аймахановтың есебі тыңдалды. Мұнан кейін сайлауалды бағдарламадағы 2026 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы мен жұмыссыздықты жою, халықтың осал топ өкілдеріне әлеуметтік көмек көрсету бойынша Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы А.Есмағанбетова есеп берді. Сонымен қатар ауданның денсаулық сақтау саласы бойынша орындалу тиіс жұмыстардың қорытындысы бойынша аудандық емхананың бас дәрігерінің орынбасары А.Мейрамбекқызы хабарлама жасады.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер кеңінен талқыланып болғаннан кейін Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов, аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы А.Ибрагимұлы сөз сөйлеп, сайлауалды бағдарламадағы 2026 жылға жопсарланған көрсеткіштер толық орындалуы керектігін айтып, тиісті мекеме, бөлім басшыларына бірқатар нақты тапсырма берілді.










