Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

«AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Комиссия отырысын аудандық Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Жұмабек Ембергенов ашып, жүргізіп отырды. Комиссия отырысына «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының төрағасы Ержан Әжікенов, Атқарушы хатшы Ақтөре Ибрагимұлы және партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қатысты.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды:

1. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Жол картасы бойынша 2025 жылы орындалмаған жұмыстар туралы Сырдария ауданы әкімі орынбасарының есебін тыңдау;

2. «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасының Сырдария ауданы бойынша 2026 жылға арналған индикаторларының орындалу барысы жөнінде Сырдария аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының есебін тыңдау;

Барлық мәселелер қаралып, баяндамашылар тыңдалғаннан кейін Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері күн тәртібіне шығарылған мәселелердің барлығы маңызды екенін айтып, сайлауалды бағдарламаның орындалуы, сайлаушыларға берген уәделердің жүзеге асуы бақылауда болатынын жеткізді. Хаттамалық шешім тиісті бөлім, мекеме басшыларына, ауыл әкімдеріне басшылыққа алу үшін жолданды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша хабарлама жасалды.

Күн тәртібіндегі мәселелер толық
қаралған соң, қаулы қабылданды.
#AMANAT
#KPK
06 ақпан 2026 ж. 141 0