Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Электронды талап қоюды ұсыну тәртібі

Электронды талап қоюды ұсыну тәртібі

Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың, мемлекет пен заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, істің толық және уақытылы қаралуын қамтамасыз ету, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, қоғамда Заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру болып табылады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкес, әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.

Талап қою (арыз) осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескіреле отырып, сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.

Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады.

Талап қоюды жасай отырып, «Сот кабинеті» сервисі арқылы  сотқа жолдау қажет. Бұл ретте, талап қоюға өзінің жеке электрондық-цифрлық қолтаңбасымен қол қою қажет. Одан әрі «Сот кабинеті» серверінің модуліне кірген кезде сіз сот процесінің бүкіл процесін (барысын) дербес қадағалай аласыз. Айта кету керек,  «Сот кабинеті» сервисі арқылы талап қоюды үйден шықпай-ақ, тікелей өзі және қашықтан да талап қоюды бере алады. Басты шарт – ЭЦҚ және  интернет.

Бұл ретте, өтініштердің үлгілері бойынша азамат немесе заңды тұлға өтініш үлгісінің шаблоны бойынша өз мән-жайларын дербес (егер қажет болса) қайта жасай алатынын атап өту керек.

Талап қою берген кезде тараптардың мәліметтерін дәлірек және толық көрсету қажет.

Асан Меңдігүл Есенбайқызы
Сырдария аудандық
соты әкімшісінің
бас маманы
31 наурыз 2026 ж. 54 0