Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айлардың сұлтаны – әз-Наурыз

Айлардың сұлтаны – әз-Наурыз

Тереңөзек кентінің «Жаңа қоныстану» аймағында Бақтияр Жақыпов атындағы көше тұрғындары әз-Наурызды жыл сайын атап өтуді дәстүрге айналдырған. Ынтымағы жарасқан көше тұрғындары бұл күні тайлы-таяғы қалмай бір үйге жиналып, жеті түрлі дәннен пісірілген наурыз көжеден дәм татты.

Ұлттық мереке болғандықтан қазақтың  салт-дәстүрі кеңінен насихатталды. Дастархан басында ұлттық құндылықтар туралы сұрақтар таратылып, оған тұшымды жауаптар берілді. Сондай-ақ сыртта  арқан тарту, қол күрес, асық ату, үй ішінде көшенің жас тұрғындары Александр мен Мақпалдың бүлдіршін ұлының тұсауы кесілді. Көшенің қарт тұрғыны, сыйлы ардагер Серік Жақия әз-Наурызда бүлдіршін ұлдың тұсауын кесіп, бастасын берді. Ардагерге тұсаукесер жасатқан отбасы тарапынан шапан жауып,  сыйлықтар ұсынды.  Халқымыздың салт-дәстүрі жарқын көрініс тауып, жас-ұрпақтың ата-дәстүрге деген шынайы сезімін қалыптастыруға  негіз қаланды.  Бұл сонымен қатар көше тұрғындарының ынтымағы мен татулығын паш етті.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТ
30 наурыз 2026 ж. 132 0