Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұлттық мерекенің мәні арта түсті

Ұлттық мерекенің мәні арта түсті

Жақында аудан медицинасының қызметкерлері әз-Наурыз мерекесін атап өтті. Оған аудан әкімі Берік Сәрменбаев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, бас дәрігер Жанар Жұмабаева, сала ардагерлері, мамандар қатысты.

Салтанатты жиынды аш­қан аудан басшысы Сырдария аудандық ауруханасының ұжы­мын әз-Наурыз мерекесімен құт­тық­тады. Сонымен қатар медицина саласы қызмет­кер­лерінің ел игілігі жолындағы қажырлы еңбегіне ерекше тоқталып, олар­дың қоғам­дағы рөлінің ма­ңызды екенін атап өтті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бас­тамасымен Наурыз мейрамын тойлаудың жаңа форматы – Наурызнама онкүндігі бекітілді. Бүгінде ұлттық мерекеміз 10 күн бойы тойлануда. Осы іс-шараға ақ халатты абзал жандар да үлкен үлес қосып, мереке дәстүрлі түрде ерекше көңілмен аталып өтілуде. Нау­рыз – ежелден халқымыз үшін береке мен бірліктің, жаңару мен жасампаздықтың белгісіне айналған Ұлы даланың қасиетті мейрамы. Жаңарған Қазақ елі­нің ертеңі мен болашағын жалғайтын ұлттық мереке. Бұл күн – қыстан «аман шықтық» деп, ала қыстай сақтаған дәм-тұзын бір қазанға тоғыстырған, елге мерей, жұртқа мейір сыйлаған күн. Бүгінде Сыр өңірінде Президентіміздің, Үкі­меттің ерекше қолдауымен, жер­­лес­теріміздің бекем бірлігінің арқасында байыпты бастамалар қолға алынып, жасампаз жобалар іске асырылуда. Денсаулық сақтау инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру шаралары кешенді жүргізіліп келеді. 2022-2025 жылдары салаға 50 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінді. Ал 26 млрд 400 млн теңгеге 40 медицина нысаны салынып, пайдалануға берілді. «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы белгіленген жос­парға сәйкес толығымен орындалып, 10 млрд 700 млн теңгеге салынған 28 нысан халық игі­лігіне қызмет етуде, – деді аудан әкімі.

Мерекелік жиында бірқатар медицина қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ іс-шара барысында ұлттық дәстүр дәріптелді.

Мерекеде медицина сала­сының ардагері, Сырдария ау­даны­ның Құрметті азаматы Рүстем Садықов сөз сөйлеп, барша медицина саласы қызмет­кер­лерін мерекемен құттықтады.

Іс-шара соңында аудан өнер­паздары әсем ән мен күйден шашу шашып, көпшілікке кө­теріңкі көңіл-күй сыйлады.

24 наурыз 2026 ж. 83 0