Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Баталы сөз – ұрпаққа ұлағат

Баталы сөз – ұрпаққа ұлағат


Ұлттық құндылық қатарындағы бата беру ежелден келе жатқан, өзінің өміршеңдігін жоғалтпаған дәстүрдің бірі. Ата-баба салтында ешқандай құнды қазынамен айырбастауға келмейтін батаның орны бөлек. «Баталы ұл арымас, батасыз құл жарымас» деген даналық сөз құндылығын жоғалтпайды. Сондықтан «Ақ бата – асыл қасиет» десек, әрбір адам үшін үлкеннен бата алу текті сөздің киесін құрмет тұтумен тең.

Жыл сайын дәстүрлі түрде батагөйлер сайысы өтеді. Биыл облыстық кезеңге ауданнан жолдама алып қатысқан қоғалы­көлдік Бақтияр Оспанов бата беруден сайысқа түсті. «Ауыл» партиясының ұйымдастыруымен өткен «Батамен ел көгерер» республикалық байқауының об­лыстық кезеңінде ауданның намысын қорғаған азамат ұлттық құндылықтарды дәріптеп, өнер көрсеткені үшін үздіктер көшін бастап, қазылардың шешімімен жүлделі үшінші орын иеленді.
Бата – халықтың қазынасы. Әрқашан бата беру дәстүрі қазақтың ұлттық құндылығының ажырамас бөлігі саналады. Қай кезде де батаменен ел көгеріп, көпшіліктің ісі алға басқан. Тектіліктің жұрнағына айналған батаның мән-мағы­насы ұғынған адамға тереңде жатыр. Баталы сөз қасиетті болуымен қатар, өтімділігі батаны жеткізуші жанға байланысты болады.
– «Бата – ұлттың рухани қазынасы» десек, қазақтың салт-дәстүрін, батаның қасиетін дәріптеу – әрқайсымыздың парызымыз. Мерей-мәртебемді арттырған осы байқауда бата беріп, жүлдегер атандым. Батаның мән-мағынасы тәрбиеге негізделген. Бата әртүрлі жағдайға қаратып беріледі. Жастарға, жаңа іс баста­ғанда, балаға, жас отау иелеріне, дастарқанға тағы сол сияқты жақсы сөз мәйегі батаға айналады. Ұлттық салт-дәс­түріміздің құндылығы саналатын батаны әрбір адам білуі керек. Қазір бата мен тілекті шатастырып жататын үлкендер бар. Осы кемшілігімізді жою үшін осындай байқаулар жиі ұйымдастырылуы керек. Өнерді бағалап, қолдап, демеу болған барша жанға алғысымды білдіремін. Бұл менің ғана жетістігім емес, ортақ қуаныш, – дейді батайгөйлер сайысында жүлде алған Бақтияр Оспанов.
Пайғамбар жастан асып, қарияялыққа бет түзеген Бақтияр Мүтәнұлы – Қоғалыкөл ауы­лының байырғы тұрғыны. Ауыл шаруа­шылығы саласында еңбек етіп, бейнетінің зейнетіне жеткен еңбек адамы ауылда құрметке ие, сыйлы, абыйройлы азамат. Өнерге жақын ардагер ұлттық мұраны насихаттауға өз үлесін қосып, ауылдың, ауданның атынан байқауға қатысты.


Осы ретте «Ауыл» партия­сының ұйымдастыруымен өткен сайыс батагөйлердің шеберлігін көр­сеткен байқау болды деп айтсақ орынды. Қатысушылар ел мен жерге, егінге, балаға, Нау­рыз мерекесіне, жаңа түскен келінге, нәрестеге, асқа, қоныс тойға, қыз ұзатуға, сүндетке отырғызылған балаға арналған бата түрін кеңінен насихаттады. Қатысушылардың арасында арнайы көрініс дайындап келген қатысушылар да болып, қазақы ғұрыптың қаймағын сарқып, ұлттық мұраны жаңғырта түсті.

Б.ТАҢАТАРҚЫЗЫ
Фото: ашық дереккөз
23 наурыз 2026 ж. 56 0