Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 23 газет

23 наурыз 2026 ж.

№ 20 газет

17 наурыз 2026 ж.

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Әз-Наурыз

Амал келді, жыл келді, көктем келді,
Жасыл желек жайлаған көк белдерді.
Жан-дүниең жадырап сезінеді,
Маңдайыңнан самалдай өпкен желді.

Көктем жетсе жасарып, жыл жаңарған,
Қуаныш-күлкі кетпей күллі адамнан.
Қаңтардағы қасат қар еріп ағып,
Сылдыр-сылдыр су ағар жылғалардан.

Бұл мезгілде керегең кеңейеді,
Табиғатта тіршілік түрленеді.
Бота боздап, қой қоздап қорадағы,
Төрт түліктер қос-қостан көбейеді.

Наурызда «Наурыз көже» ел ішетін,
Қолдағы барымен жұрт бөлісетін.
«Қырдағы ел ойдағы елмен араласып»,
Қол алысып, төс қағып көрісетін.

Мейрамында Наурыздың нар ұландар,
Салт-дәстүрі бойына дарыған бар.
Көкпар тартып ат мінер шабандоздар,
Арқан тартып, күресер балуандар.

Айтыс деген басталса сапалы өнер,
Төл өнерді жан бар ма қатар көрер?
Ақ самайлы аналар алғыс айтып,
Ақ сақалды аталар бата берер.

Қазақтың кенелер сәт жұрты баққа,
Наурызда қызықпайды ел жылтыраққа.
Ұлыстың ұлы күні – ырыс күні,
Ұйыстырған ұлтымды ынтымаққа.

Асып-тасқан айында ақ уыздың,
Жадырап жүрері хақ жанымыздың.
Қара тастай қадірлі Қағбадағы,
Қазаққа орны бөлек – Наурыздың!

Мұхамеджан МАНСҰРОВ,
ақы
23 наурыз 2026 ж. 56 0