Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Екпе егудің маңыздылығы зор

Екпе егудің маңыздылығы зор

Аудандық емхананың мәжіліс залында аудандық аурухана мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бірлесуімен кеңейтілген семинар өткізілді. «Аудан бойынша егу шараларының атқарылуы, қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалы» тақырыбында өткен семинарда бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Семинар барысында аудандық аурухана мен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты толыққанды мәлімет берді. Балаларға екпе егудің маңыздылығы кеңінен қамтылып, аудандық аурухана мамандары атқарылып жатқан жұмыстар бойынша баяндама жасады.

Семинар қорытындысында егу шараларының атқарылуына сала мамандары тарапынан ерекше мән беру қажеттігі айтылды.

18 наурыз 2026 ж. 54 0