Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№79 газет

05 қазан 2024 ж.

№ 78 газет

01 қазан 2024 ж.

№ 77 газет

28 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Адам папилломасы вирусына қатысты аудандық семинар өткізілді

Адам папилломасы вирусына қатысты аудандық семинар өткізілді

Адам папилломасы вирусына қарсы вакцина ең алғаш рет 18 жыл бұрын АҚШ елінде енгізілген. Сол уақыттан бері бүкіл әлемнің елдеріне тарап, 500 миллион доза игерілген. Өз кезегінде 2024-2025 жылдары 11 жастағы қыз балаларға адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау енгізу бойынша жол картасын жүзеге асыру мақсатында аудандық емхананың мәжіліс залында аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасымен бірлесіп, медицина мамандарының қатысуымен семинар өткізілді.

Семинарда аудандық емханаға қарасты жалпы тәжірибелік бөлім меңгерушісі Ақтоты Жаксылыкова арнайы баяндама жасады. Аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының бас маманы Данияр Балтабайұлы, бас дәрігердің ана мен бала жөніндегі орынбасары Ақгүл Күлеке, онколог-дәрігер Майра Халыбаева, күн тәртібіндегі мәселеге қатысты бірқатар маңызды мәлімет келтірді.

– Тұрақты тексерулер, зерттеулердің барлығы – АПВ вакцинасының тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеп келеді. Неміс ғалымы Харальд цур Хаузе 1983 жылы АПВ мен жатыр мойны қатерлі ісігінің себептік байланысын анықтаған. Осындай ғылыми еңбегі үшін Нобель сыйлығын алған. Дәл осы зерттеуі АПВ-ға қарсы вакцина шығаруына негіз болып, жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы қолдануға бағытталған. 2023 жылы ДДҰ-на тіркелген 194 елдің 135 елінде иммунизация бағдарламасы бойынша АПВ қарсы вакцинаны енгізген. Тіпті АҚШ, Австралия сияқты елдерде қыздармен қатар. ұл балаларға АПВ вакцинасы салынады екен. Себебі, АПВ тек жатыр мойны обырын ғана емес, басқада онкологиялық аурулар дамуына себепші екені расталған, – деді білікті дәрігер.

Семинар соңында вакцина енгізуде ескерілетін арнайы ережелер бойынша сала мамандары өзара пікір алмасты.
13 қыркүйек 2024 ж. 270 0