Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Еңбегім – халыққа»

«Еңбегім – халыққа»

Көше бойында күнделікті қарбалас тіршілік. Ығы-жығы адам болмаса да, өз шаруасымен жүрген жандар қатары аз емес. Бұрын жергілікті халықтың үйреншікті баратын базар аумағында бір-бірімен жолыққан жұртшылық «Раяның дүкенінен келе жатырмын», «дүкеннен азық-түлік сатып алуға барамын», «Нұркәшқа сұрыпы жоғары ұн келіпті» деген сөздерді жиі айтады. Көпшілік үшін Рая мен Нұркәштың еңбегі ерекше. Тереңөзек кентіндегі «Нұрай» дүкенінің иесі өмірде Рая, ал төлқұжатта Райса Пірімбетова сауда-саттық саласының майталманы қатарында.

– Мен газетке шығуға жоқ­пын. Еңбегім – халық­қа.

– Апа-ау, кәсіп­кер­лікпен айналысу өз алдына бір жауапкершілігі жоғары жұмыс. Сізді Терең­өзектің 11 мың хал­қымен бірге аудан орта­лығына жақын Сәкен Сейфуллин мен Қалжан ахун ауылының тұрғындары жақсы біледі деген сөзімізге тоқтаған ардақты ана өмір жолын айтып берді.

Тұрған болмысы қарапайым­ды­лықтан құралған Райса Пірімбетова биыл 72 жасқа келді. Ойлаңызшы, 22 жыл бойы бір дүкеннің жұмысын жолға қойып, отбасылық кәсіпке айналдыру оңай шаруа емес. Қаншама жыл ішінде ол сауда саласының түрлі кезеңін бастан өткерді. Экономикалық өзгерістер, жаңа технологиялардың енгізілуі, қызмет көрсету мәдениетінің жаңаруы – мұның барлығы оның кәсіби тәжірибесін арттыра түсті. Әсіресе тұтынушылармен қарым-қатынас жасау, сапалы қызмет көрсету және сенімділік қалыптастыру оның басты ұстанымына айналды.

– Бүгінде отбасылық кәсіпті балаларыммен бірге жүргізіп келемін. Ең алғаш базарда тұрып, саудамен айналыстым. Жолдасым Сәтбай Пірімбетов өмірден өткеннен кейін бір жыл үйде отырдым. Кейіннен дүкен ашып, күнкөрістің қамын жасай білдік. Белді буып, саудаға толықтай қадам бас­тым. Нарық заманында кәсіпкерлікке ден қойған жандар нағыз табандылық иесі деп айтқым келеді. «Адал еңбек ешқашан елеусіз қалмайды». Мен сау­да саласында жұмысымды шамамен отыз жылдан аса уақыт бұрын бастадым. Ол кезде бәрі қазіргідей емес еді, жұмыс та, талап та өзгеше болатын. Алғашқы күннен бастап мен үшін ең бас­тысы – тұтынушыларға дұрыс қызмет көрсету, адамдармен сыйластықта жұмыс істеу болды. Осы жылдар ішінде талай адаммен таныстым, жұртшылықтың алғысына бөлендім. Қазір артқа қарап, өткен жылдарыма ризашылықпен көз саламын. Бұл сала маған сабырлықты, төзімділікті және адамдарды құрметтеуді үйретті. Мен үшін ең үлкен марапат – тұтынушылардың алғысы мен көпшіліктің құрметі, – дейді ардақты ана.

Қай кезде де барлығы жергілікті халық үшін деп жан-жақты қызмет ете білген аяулы ананың ұлы Нұрболат Сәтбай отбасылық кәсіпке барынша қан жүгіртіп келеді. Халықтың жоғары бағасын ала білген олардың еңбегі – бар мақтауға лайық. Самайдағы ағарған шаш пен біз біле бермейтін бейнеттің жүгі – халық алғысының көрінісі.

Расында, күнделікті дүкеннің, яки сауданың қарбалас тіршілігі басталған сайын оның да қимылы шапшаңдай түседі. Біреуге тауарын ұсынып, біреуге бағасын түсіндіріп, енді біріне жылы лебізін білдіріп жатады. Сол бір сәтте оның жүзінен шаршағандық емес, керісінше еңбекке деген төзім мен өмірге деген сенім сезіледі. Біз таныған Райса Пірімбетова дүкенде бел жазбастан күні бойы тұрғанымен, оның бойында отбасының қамын ойлаған ананың мейірімі, тіршіліктің жүгін көтерген жанның табандылығы бар.

Айта кетейік, ол – дүкен сөресіне жайылған барлық тауарын реттеп қоя отырып, аяулы ана әрбір затқа ерекше ықыласпен қарайды. Сондықтан сауда – оның жай ғана кәсібі емес, отбасының берекесі мен күнделікті тіршілігінің тірегі.

Б.АЯБЕКҰЛЫ

07 наурыз 2026 ж. 80 0