Топ-баннер
Топ-баннер2
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әйел еңбегі – ел мерейі

Әйел еңбегі – ел мерейі

Шұғылалы мереке қарсаңында аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов пен «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы түрлі салада белсенді еңбек етіп жүрген нәзік жандарды арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.

– Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Нәзік жан­дардың аялы алақаны, нұрлы жүзі, жан шуағы отбасын ғана емес, бүкіл ғаламды ортақ адамзаттық биік мақсаттарға ұмтылдырып, бейбіт те берекелі ғұмыр кешуге үндеп келеді. Қазіргі таңда да нәзік жандарымыз ел өмірінің әр саласында табысты еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына зор үлес қосып келеді. Білім мен ғылымда, мәдениет пен өнерде, медицина мен кәсіпкерлікте, мемлекеттік қызметте – қай жерде болсын әйелдердің ерен еңбегі мен қажырлы қайраты көрі­ніс табуда. Сіздердің табан­дылықтарыңыз бен жауап­кершіліктеріңіз, еңбек­қорлықтарыңыз бен парасат­тылықтарыңыз қоға­мымыздың өркендеуіне қуатты серпін беріп отыр. Шуақты мерекеде аудан­ның өсіп-өркен­деуіне және партия бағдар­лама­ларын іске асыруда жасаған еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Ден­деріңізге саулық, босаға­ларыңызға бақ-береке, шаңы­рақтарыңызға шат­тық тілеймін, – деген «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиа­лының төрағасы Ержан Ертар­ғынұлы әйел-аналарды шұғылалы мерекемен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Өз кезегінде түрлі салада беделді қызмет етіп, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен, партияның белсенді мүшелері марапат биігінен көрінді. Ұлттың ұйытқысы, тәрбиенің қайнар бұлағы болған жандарға арнайы алғыс хат, сый-сияпат табысталып, құрмет көрсетілді. Партия филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы аяулы аруларды құттықтады.

– Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! 8 наурыз – абзал аналарға, аяулы аруларға және қымбатты әпке-қарындастарымызға құрмет көрсетіп, игі тілегіміз бен ниетімізді білдіретін ерекше күн. Бүгінде қоғамның дамуын нәзік жандыларсыз елестету мүмкін емес. Әйел заты қашанда ұлттың ұйытқысы, тәрбиенің қайнар бұлағы болып келеді. Ана мейірімі – адам баласының бойына ең алғашқы ізгілікті қасиеттерді дарытатын киелі құдірет. Сондықтан да халқымыз ананы ардақтап, әйелді құрметтеуді ең биік адамгершілік өлшемдерінің бірі деп бағалаған. «Ана – бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» деген дана сөздің астарында әйелдің қоғамдағы орны мен қадір-қасиеті терең бейнеленген. Сіздер отбасының берекесі мен бірлігінің, шаңырақтың шаттығы мен жылуының символысыздар. Сіздердің мейірімді жүздеріңіз, ізгі тілектеріңіз, ақ жүректеріңіз әр шаңыраққа қуаныш пен тыныштық сыйлайды. Сіздер бар жерде өмір гүлденіп, әлем ажарлана түседі. Әйел жүрегінің кеңдігі мен мейірімінің тереңдігі ешбір өлшемге сыймайтын ұлы құндылық, – деді АИбрагимұлы.

Одан кейін марапат төрінен көрінген ардақты жандар ақ батасын беріп, алғысын жеткізді. Еліміздің амандығын, халқымыздың тыныштығын тілге тиек еткен аналар шынайы ризашылығын білдірді.

А.МҰХАНБЕТҚАЛИ

07 наурыз 2026 ж. 77 0