Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Шағандық нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Шағандық нәзік жандыларды мерекемен құттықтады

Ару көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында серіктестік жігіттері ұжымдағы қыз-келіншектерді мерекемен құттықтады.

— Тәуелсіз еліміздің бүгіні нығайып, көркеюіне асыл аналарымыз, ардақты апаларымыздың өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Қуанышы мен шаттығы мол мерекеге орай өмірімізге мән, тіршілігімізге сән сыйлайтын әйелдерді мерекемен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, шаттық пен бақ-береке тілеймін, — деді шаруашылық директоры Жеңісбек Шәкімбайұлы.

Бала тәрбиелеуде ғана емес, білім мен саясатты, экономикалық және әлеуметтік ахуалдарды жақсартуда ер азаматтармен иық тірестіре еңбек етіп жүрген қыз-келіншектер бүкіл халқымыздың мақтанышы.

Қай салада болмасын әйел затының аялы алақаны сезіледі. Ондай қыз-келіншектер біздің ауылымызда да қажырлы еңбек етіп келеді.

Мерекелік кеште әннен шашу шашылып, ұжым жігіттерінің ұйымдастырған арнайы сыйлықтары табысталды.
10 наурыз 2024 ж. 219 0