Ардагерге құрмет көрсетілді

– Түрлі салада еңбек еткен ардагер аналарымызға құрметіміз ерекше. Әйелдер қызмет ететін салалардың жұмысында тиянақтылықтың, тәртіп пен нәтиженің үйлесімі байқалады. Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмаларын орындауда, Әділетті Қазақстанның мақсат-мұраттарына жетуде, қоғамды ілгерілетуде сіздердің білім-біліктеріңіз, іскерліктеріңіз өте маңызды рөл атқарады. Тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында отбасы мен қоғам жүгін қайыспай көтеріп жүрген сіздердің еңбектеріңіз әрдайым құрметке лайық, – деді Ақтөре Ибрагимұлы.
«AMANAT» партиясы әрдайым отбасы құндылықтарын дәріптеп, аналардың қоғамдағы рөлін жоғары бағалайды. Бұл құрмет – асыл жандарға деген шынайы алғысымыздың бір көрінісі ғана.
Барша аналарды көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз! Сіздердің еңбектеріңіз бен сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғысымыз шексіз!