Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Апостиль – халықаралық стандартталған нысаны

Апостиль – халықаралық стандартталған нысаны

"Апостиль" мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде - "апостиль" мөртабанын қою қолданылады.

Апостиль – заңдастырудың осындай нысанын танитын елдер аумағында ұсынуға арналған құжаттың заңдылығы туралы ақпаратты толтырудың халықаралық стандартталған нысаны. «Апостиль» мөрі құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелеріне қойылады. Апостиль, шет мемлекеттік құжаттарға, басқа мемлекеттік органдарға оларды ұсынғанда заңды күшін береді. Нотариалды расталған құжаттың көшірмесінде немесе түпнұсқасында мөртабан қою арқылы жасалады. Апостильді растау, құжат берілген мемлекетте ғана рәсімделеді.

Құжаттарды апостильдеу Гаага Конвенциясына қатысушы елдердің аумағында әрекет етуге арналған құжаттарды тиісті ресімдеу және түпнұсқалығы кепілдігін қамтамасыз ету мақсатымен жүргізіледі
Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген.

Егер құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қажет болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар.

Сырдария аудандық сотының
әкімші басшысы
Н.Е.Әбдікәрім
26 наурыз 2024 ж. 175 0