Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Адами капиталды дамыту өзекті

Адами капиталды дамыту өзекті

Елімізде жаңа Конституция жобасы жарияланғанына бірнеше күн болды. Қазіргі уақытта егеменді еліміздің басты құжатын сарапшылар жан-жақты талқылап, алдағы уақытта халық мүддесіне қызмет етуіне баса назар аударуда. Конституцияның жаңа жобасы бұрынғысынан біршама өзгеріске ұшырап, осы заманға лайықтандырылды. Көпшілік Ата Заңның 3-бабына айрықша мән беруде.

Жалпы 3-баптың бірінші тармағында: «Қазақстан Республикасы қызметінің негізін құраушы қағидаттар: егемендік пен Тәуелсіздікті қорғау; адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау; заң мен тәртіп үстемдігін қамтамасыз ету; жалпыұлттық бірлікті бекемдеу; халықтың әл-ауқатын арттыру; жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясын ілгерілету; қоғамдық диалогты дамыту; еңбексүйгіштік, прогресс, білім құндылықтарын бекіту; жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру; тарихи-мәдени мұраны сақтау; төл мәдениетті қолдау» деп жазылса, ал екінші тармақта Қазақстан Республикасы адам капиталын, білімді, ғылымды, инновацияны дамытуды мемлекет қызметінің стратегиялық бағыты деп таниды делінген.

Расында, бапта көрсетілген мәтіннен ұққанымыз көп. Тәуелсіз елдің барлық азаматының құқығы мен бостандығын сақтауда мемлекет барлық мүмкіндікті қарастырған. Заң жүзінде кез келген құқық бұзушылыққа жол берген жан жазасыз қалмайтыны анық. Заң мен тәртіп бар жерде егемендіктің тұтастығы айқындала түседі. «Тәртіпке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды» деген Халық қаһарманы Бауыр­жан Момышұлы ел болудың жолын тұрақтылықпен байланыстырған.

Бірлігі тозбаған, ынтымағы жарасқан елде жалпы­ұлттық бірігу көрініс табады. Әлемде жер көлемі бойынша тоғызыншы орын алатын еліміз көпұлтты халқымен ерекшеленеді. Халықтың әл-ауқатын арттыру арқылы тұрмыс сапасын жақсарту мәселесі де Ата Заңда қалыс қалмаған. Бұдан бөлек, отаншылдық идеясын ілгерілету арқылы азаматтарды туған жерін дамытуға, гүлдендіруге үндеу – қуантарлық жағдай. Әрине, бар­лық жағынан дамыған мемлекеттің өскелең ұрпағы тарихи-мәдени мұраны сақтауға ұмтылуы тиіс. Ұлттың айшықты көрінісі мен ежелден келе жатқан құндылығы тарих пен мәдениеттің өзегінде жатады.

Бірнеше жылдан бері елімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Бұл – Ата Заңдағы экологиялық мәдениетті қалыптастыру тұжырымына сәйкес келеді. Өз кезегін­де «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев жаңа Конс­титуция жобасында алғаш рет жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру мемлекеттің түбегейлі қағи­даты ретінде енгізілгенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл норма қоршаған ортаны қорғауды егемендік, заң үстемдігі және адам құқықтарымен тең деңгейге көтереді. Яғни экология уақытша науқанға айналмайды.

Осы баптағы екінші тармаққа кеңінен тоқталатын болсақ, маңызды мәселелер көп. Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттің басты байлығы – білімді де білікті адам. Сондықтан адами капиталды дамыту кез келген елдің стратегиялық басымдығына айналды. Адами капитал ұғымын ғылыми негіздеген экономист Гэри Беккер адамның білімі мен дағдысына салынған инвестиция экономикалық өсімнің негізгі факторы екенін дәлелдеген. Адами капитал ең алдымен сапалы білім беруден басталады. Білімді ұрпақ – инновация мен технологияның қозғаушы күші.

Ал денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігі де маңызды, себебі дені сау адам ғана өнімді еңбек ете алады. Кәсіби дағдыларды жетілдіру, цифрлық сауаттылықты арттыру және өмір бойы білім алу қағидатын қалыптастыру – заман талабы. Әлемдік тәжірибеде Оңтүстік Корея мен Сингапур адами капиталға басымдық беру арқылы қысқа мерзімде дамыған мемлекеттердің қатарына қосылды. Бұл елдердің жетістігі – білім мен ғылымға жүйелі инвестиция салудың нақты нәтижесі. Адами капиталды дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, экономиканы нығайтудың және қоғамның әл-ауқатын жақсартудың басты шарты. Білімді, дені сау, жауапты ұрпақ – жарқын болашақтың негізі.

Балтабай ОРДАБЕКОВ
03 наурыз 2026 ж. 65 0