Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 10 газет

07 ақпан 2026 ж.

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жаңа Конституция – тарихи бетбұрыс

Жаңа Конституция – тарихи бетбұрыс

Сыр өңірінде өткен Ұлттық құрылтай отырысында Мемлекет басшысы Ата Заңның бірқатар тармағына өзгеріс енгізу қажеттігін айтты. Мемлекет қоғамның сұранысын мұқият ескере отырып, өз даму жолын жалғастыру үшін тың шешім қабылдады. Нақты тапсырма бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылып, қазіргі таңда жаңа Конституцияның жобасы көпшілік назарына ұсынылып, талқылануда.

Бұл ретте, аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың төрағалығымен Конституциялық реформалар жөнінде мәжіліс өтті. Аудан басшысы жаңа Конституция жобасының маңыздылығына тоқ­талып, аудан жұртшылығын бұл бас­тамаға жоғары жауапкершілікпен, бел­сенді атсалысуға шақырды.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған бастамалары Конституциялық реформаға негіз болды. Бүгінде жаңа Ата Заң жобасы халыққа ұсынылды. Конституциялық реформалар – қоғамның сұранысына жауап беретін, мемлекет басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған. Жаңа Ата Заңның жобасындағы бірқатар бап пен бөлімдердің мазмұны тұ­тас конституциялық моделді айтарлықтай жаң­ғыртуға, саяси-қоғамдық институттарды жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейтуге негіз болады. Бұл реформалар әділетті, ашық әрі жауапты мемлекет құру жолындағы нақты іс-қимылдың көрінісі болып табылады. Бұл – ел тарихындағы маңызды әрі тағдырлы қа­дам, – деді Берік Әбдіғаппарұлы.

Аудан басшысы жаңа Ата Заң жобасында Президент бастамасымен жүзеге асып жат­қан «Әділетті Қазақстан» құру идеясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаттары негіз болғанын жеткізді. Сондай-ақ табиғатты аялап, қор­шаған ортаны қорғауға қатысты «Таза Қазақстан» идеясымен ұштасатын принциптер де жазылғанын атап көрсетті.

Аудан ақсақалдары да маңызды мәселеге үн қосты. Аудан әкімі «Руханият орталығына» барып, Конституциялық реформаларды Ақса­қалдар кеңесімен талқылады. Кездесу барысында Ақсақалдар кеңесінің мүшелері де өз пікірлерін білдіріп, ұсынылып отырған Конституциялық өзгерістердің ел болашағы үшін үлкен мәнге ие екенін жеткізді. Ре­фор­малардың қоғамдағы тұрақтылықты нығай­тып, билік пен халық арасындағы сенімді арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

Айта кетейік, оң өзгерістерге негізделген заңдар жинағында адами капиталды, ғылым мен инновация саласын дамыту, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, цифрландыру сияқты маңызды мәселелер нақтыланған. Сондай-ақ ескірген терминологиялық аппарат мәселесі кешенді түрде шешім тапқан. Жаңа Конституция кіріспе, 11 бө­лім және 95 баптан тұрады деп жоспарлануда. Конституцияның Преамбуласы то­лық жаңартылып, онда еліміздің өткенін дәріп­тейтін, бүгіні мен болашағына бағдар болатын жалпыұлттық құндылықтар көрініс тап­қан. Жаңа Конституция туралы түпкілікті ше­шім­ді қазақстандықтар республикалық ре­фе­рен­думда қабылдайтын болады. Бүгінгі таң­­да жаңартылған басты құжаттың жоба­сы көпшілік арасында талқылануда. Ал ұсы­ныстар «e-Otinish» және «eGov» порталдары арқылы қабылданады.

Аружан МҰХАНБЕТҚАЛИ

07 ақпан 2026 ж. 70 0