«Қауіпсіз жаңа жыл» акциясы аясында түсіндірме жұмыстары жүргізілді
«Қауіпсіз Жаңа жыл» акциясы аясында Сырдария аудандық білім бөлімінің басшысы Е. Жақып, Сырдария ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау лейтенанты Х. Аманжол және Сырдария аудандық полиция бөлімі қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығының міндетін атқарушы, полиция майоры А. Спатаев мектеп директорлары мен балабақша меңгерушілеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.Іс-шара барысында пиротехникалық бұйымдарды қауіпсіз пайдалану, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мәселелері түсіндірілді. Іс-шараның мақсаты – жаңа жыл мерекесі кезеңінде төтенше жағдайлардың алдын алу және білім беру ұйымдарында қауіпсіздікті күшейту.










