Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Таза бейсенбі»: «Қалжан ахун» мешіт-медресесі тазартылды

«Таза бейсенбі»: «Қалжан ахун» мешіт-медресесі тазартылды

Бүгін Сырдария ауданында «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы өткізілді.

Экологиялық акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаға саналы көзқарасты қалыптастыру және тазалықты сақтаудың маңыздылығын түсіну.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциясына Қалжан ахун ауылының әкімі Мақсұт Қаратаев, «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы, аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Марат Бакуов арнайы қатысты. Сондай-ақ БПҰ төрағалары, партия белсенділері, жалпы 30-ден астам азамат тазалық жұмыстарына атсалысты.

– «Таза бейсенбі” – партияның экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған нақты істерінің бірі. Бұл бастама тек тазалық жұмыстары емес, тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруды көздейді. Партия тарапынан мұндай игі шаралар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады. Қоғам болып атсалысқанда ғана таза орта қалыптастыра аламыз»,- деді партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.


Акция аясында белсенділер «Қалжан ахун» мешіт-медресесі аумағын абаттандыру, тазалық жұмыстарын жүргізді.


05 ақпан 2026 ж. 60 0