Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№9 газет

03 ақпан 2026 ж.

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Жаңғыруға бастар жол

Жаңғыруға бастар жол

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетовтің қатысуымен Конституциялық реформаларға арналған кездесу өтті.

Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, аудандық мәс­ли­хат төрағалары мен депутаттары қатысты. Жиынды ашқан облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жаңа Конституцияның мән-маңызына тоқталып, оның қоғам мен мем­лекет үшін қаншалықты маңызды екенін атап өтті.

– Бастапқыда парламенттік реформа аясында Ата Заңның шамамен 40 бабына өзгеріс енгізу көзделгенімен, талқылау барысында реформаның ауқымы әлдеқайда кең екені айқындалды. Конституцияда Әділеттілік, Заң мен Тәр­тіп, бірлік пен келісім, тәуелсіздік пен аумақтық тұтастық өзгер­мейтін құндылықтар ретінде бекітіліп, білім мен ғылымға, адами капиталға, цифрландыруға айрықша мән берілген. Отбасы институты, неке, әйелдердің құқықтары, зайырлы мемлекет қағидаттары Ата Заң деңгейінде қорғалып, азаматтардың цифрлық ортадағы құқықтары алғаш рет нақты айқындалды. Сонымен қатар жаңа Парламент – Құрылтайдың құрылуы, Халық кеңесі мен вице-президент институтының енгізілуі халық пен билік арасындағы байланысты кү­шейтіп, «Еститін мемлекет» қағидатын іске асыруға жол ашады. Сондықтан да Президентіміздің бастамасымен қолға алынған Саяси-конституциялық реформа ел дамуының жаңа тарихи кезеңінің бастауы болады деп сенеміз, – деді мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов.

Сондай-ақ, жиын барысында облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев, онлайн байланыс арқылы қатысқан Қармақшы аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов сөз алып, Конституциялық реформалардың елдің саяси жүйе­сін жаңғыртудағы және азаматтардың құқықтары мен бос­тандықтарын кеңейтудегі мән-ма­ңызына тоқталды.

Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аталған реформаларға қолдау білдіру – әрбір аза­маттың ортақ жауапкершілігі екенін айтып, алдағы кезеңде де қоғаммен ашық диалог жалғаса беретіндігін жеткізді.

«Тт» ақпарат
03 ақпан 2026 ж. 64 0