Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыстық мәслихат төрағасы Аманкелді ауылының тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат төрағасы Аманкелді ауылының тұрғындарымен кездесті

Аманкелді ауылында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

Кездесуге облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, Ж.Ембергенов, аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов және мәслихат депутаты Р.Каскиев, ауыл әкімі З.Жаманқұлов қатысты.

Кездесу барысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов аймақ басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жобаларға кеңінен тоқталып, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту бағыттарында атқарылып жатқан жұмыстар жайында баяндады.

Тұрғындар ауылдың дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында қолға алынған бастамаларға ризашылық білдіріп, өздерінің көкейінде жүрген салық, ауыл көшелерін асфальттау, жарық желісі, аяқ су мәселелері төңірегіндегі ойларын ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

03 наурыз 2025 ж. 272 0