Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Облыстық мәслихат төрағасы Жетікөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Облыстық мәслихат төрағасы Жетікөл ауылының тұрғындарымен кездесті

Жетікөл ауылына сапар барысында облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов және мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, Ж.Ембергенов ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді. Оған аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов және мәслихат депутаты Г.Смайлова, ауыл әкімі Ө.Тоқпамбетов қатысты.

Басқосуда аймағымызда облыс әкімінің бастамасымен жүзеге асып жатқан нәтижелі жұмыстар мен жүзеге асатын алдағы жобалар баяндалып, ауыл тұрғындары ауылдағы жұмыс мәселесі, көшелерге тас төсеу сияқты тағы басқа ұсыныстарын жеткізді.

Кездесу соңында облыстық мәслихат төрағасы тұрғындарға кездесуге белсенді қатысқандары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта мұндай кездесулердің жалғасатынын айтты.

Өз кезегінде халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған аймақ басшысының жүйелі жұмыстарына тұрғындар оң пікірлерін білдірді.
03 наурыз 2025 ж. 246 0