Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Айдарлы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Айдарлы ауылының тұрғындарымен кездесу өтті

Облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тлеумбетов жұмыс сапарымен Сырдария ауданына барды.

Облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ысқақ, Ж.Ембергенов, аудан әкімі Б.Сәрменбаев, аудандық мәслихат төрағасы Е.Әжікенов және мәслихат депутаты Г.Смайловамен бірге Айдарлы ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. Оған ауыл әкімі Н.Жұмабеков қатысты.

Кездесуде облыс әкімінің бастамасымен ел игілігі жолында атқарылған жұмыстар мен алдағы уақытта жүзеге асатын ірі жобалар тұрғындарға таныстырылды. Одан бөлек, мәслихаттың жұмысы, тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыру мен өңірдің дамуы бағытында депутаттар мен жергілікті атқарушы органдардың бірлесе атқарып жатқан шаралары айтылды.

Тұрғындар аяқ су, газ мәселесі бойынша өз ұсыныстарын жеткізіп, аймақ басшысының Сыр өңірін дамытудағы жұмыстарына ризашылық білдірді.
03 наурыз 2025 ж. 92 0