Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамгершілікті дәріптеген ақын

Адамгершілікті дәріптеген ақын

Өткен жылдың қарашасында қазақтың көрнекті ақыны журналист, аудармашы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» және «Құрмет» орденінің иегері Күләш Ахметова дүниеден өтті. Ақын, Сырдария ауданының құрметті азаматы Қайырбек Асанов ауданға арнайы келіп, зайыбының рухына Құран бағыштау мақсатында ас берді. Оған аудан әкімі Берік Сәрменбаев, Сырдария ауданының құрметті азаматы Ибрагим Әбибуллаев, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Көсемәлі Сәттібайұлы, ақын Қатира Жәленова және ауданның зия­лы қауым өкілдері қатысты.

ң алдымен, Сыр өңіріне кел­­­­­ген Қайырбек Асанов пен Көсемәлі Сәттібайұлы іргелес жат­­қан Қармақшы ауданына барып, Қорқыт атаға тәу ету жос­пары жөнінде айтқан болатын. Осыған орай аудан әкімі Берік Әбдіғаппарұлының тапсырмасымен «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының ат­қа­рушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы ардақты азаматтар­ды Қармақшыға алып барып, олар Қорқыт ата кешенімен және мемориалды музейімен танысты. Қайырбек Асанов пен Көсемәлі Сәттібайұлы Қорқыт бабаға тәу етіп, рухына құран бағыштады. Тарихи орын туралы сұрақтарын қойып, маманмен пікірлесіп, жа­уап алып, естелік суретке түсті.

Кеше Тереңөзек кентіндегі «Руханият орталығының» жұмысы­мен танысқан құрметті меймандар аудандық тарихи-өлкетану музейіндегі жәдігерлердің тари­хына қанықты. Өз кезегінде ау­дан­дық орталық кітапханада ақын Күләш Ахметоваға арнал­ған бұрыш көпшілікке танысты­рылды. Ақынның өмірі мен шы­­ғар­­машылығына арналған бұрышта ардақты жанның еңбектері мен рухани мұрасы кеңінен насихатталып, кітаптары қойылған. Аудандық орталық кітап­хананың кітапханашылары аяулы ақынның өлеңдерін жатқа оқыды.

– Күләш Ахметова – қазақ поэзиясының биік тұлғасы, сыршыл да шыншыл өлеңдерімен ел жадында қалған көрнекті ақын. Ол өз шығармалары арқылы ұлт­тық рухты, ана тіліне деген құрметті, адамгершілік пен тазалықты дәріптеді. Ақынның әдеби мұрасы – бүгінгі және келер ұрпақ үшін баға жетпес рухани қазына, – деді аудан әкімі.

Бұл ретте, Күләш Ахметованың рухына құран бағышталып, ас беріліп, жи­нал­ған қауым тарапынан көп­теген естелік әңгіме айтылды. Сырлы да нәзік жырларымен оқырман жүрегінен жол тапқан ақын шығармашылығы – ойлы оқыр­манның мәңгі жадында.

Айта кетейік, қазақтың Күләш­тай аяулы ақыны өмірден өткен­де аудан басшысының тікелей тапсырмасы бойынша зиялы қауым өкілдері Тараз қаласына барып, Сырдария жұртшылығы атынан көңіл айтқан еді. Сонымен қатар аяулы ақынның өмірден өткеніне қырық күн толуына байланыс­ты өткен аста сырдариялық жұртшылық арнайы барып қатыс­ты.

Күләш Ахметоваға арналған іс-шараға қолдау көрсеткен аудан басшысына Қайырбек Асанов өз ризашылығын білдірді.

Балтабай ОРДАБЕКОВ



31 қаңтар 2026 ж. 59 0