Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№88 газет

18 қараша 2025 ж.

№87 газет

15 қараша 2025 ж.

№ 86 газет

11 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » Көрнекті ақынға көңіл айтты

Көрнекті ақынға көңіл айтты

Аудан әкімі Берік Сәрменбаев көрнекті ақын Күләш Ахметованың дүниеден өтуіне байланысты Жамбыл облысына көңіл айту жеделхатын жолдады. Көңіл айту жеделхатын «AMANAT» партиясы Сырдария аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, депутаттық фракция жетекшісі Ақтөре Ибрагимұлы табыстап, жерлес ақын Қайырбек Асановқа аудан жұртшылығы мен аудан басшысының көңілқосын жеткізді.

А.Ибрагимұлы көрнекті ақын, Мем­­лекеттік сыйлықтың лауреаты «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Күләш Ахметованың бар ғиб­ратты ғұмырын сәулелі сөз өнеріне арнағанын айтып, ұлттық әдебиеті­міздің көк­жиегін кеңейтуге мол үлес қосқан халқымыздың аяулы ақыны екеніне тоқталды. Ардақты ақынның ұлттық поэзияға өзгеше леп әкелген қаламы қуатты, өлеңі шуақты, әде­биеті­­міздің шоқтығы биік қаламгері ретінде зор құрметке ие болғанын айтып өтті.

– Қадірлі Қайырбек Зейтенұлы, ата-бабаңыздың атақонысы, өзіңіз туып-өскен қасиетті Тереңөзек топырағы, аудан жұртшылығы қайғылы хабарды зор күйзеліспен қабылдады. Аудан басшысының, жерлестеріңіздің көңіл қосын жеткізуге арнайы келдік. Абыз Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, Күләш Ділдәқызы «жыры күннің нұрындай, гүлдің әріндей, сүттің өңіндей, бөбектің иісіндей» ақын болатын. Ақынның қаламынан туған ел мен жерге деген сүйіспеншілікке толы туындылар оқырман жүрегіне жетіп, терең сезімге жетеледі. Қаламгер ғибратты ғұмырында мөлдір жырымен, көркем жүзімен қазақ поэзиясының ақ гүлі атанып, халқының ыстық ықыласына бөленді. Нәзік те сыршыл, өміршең өлеңдерінде барша қазақ қыздарының жан сезімін, жүрек үнін көркем кестеледі. Күләш апамыздың жарқын бейнесі мен өнегелі өмір жолы жұртшылықтың жадында мәң­гі сақталады деп сенеміз. Бекем болыңыз, күллі қазақ елі ардақ тұтқан асыл жарыңыз, ақын Күләш Ділдәқызының иманы саламат болғай! – деді Ақтөре Ибрагимұлы.

Аудан атынан Әулиеата өңіріне көңіл айту үшін барған делегация құра­мында Сырдария ауданының Құрметті азаматтары, ақын Қаршыға Есімсейітова, өлкетанушы Жәнібек Маханбет, ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Қатира Жәленова, еңбек ардагері Ғабдолла Алданазаров, аудандық «Тіршілік тынысы» газеті бас редакторының орынбасары Балтабай Ордабеков және тағы басқа да азаматтар болды.

Айта кетейік, К.Ахметова 1946 жылы 25 сәуірде Қырғызстанда туған. Жамбыл облысының Талас ауданын­дағы Үшарал орта мек­тебін бітірген. 1961 жылы Жамбыл медициналық училищесін, 1973 жылы Әл-Фараби атын­­дағы ҚазҰУ-ін тәмамдаған. Күләш Ділдәқызының «Ақ гүлім менің», «Сен менің бақытымсың», «Бұлақ­­­тағы жұлдыздар», «Мейірім», «Жапырақ – жаздың жүрегі» сияқты жыр жинақтары бар.

«Тт» ақпарат

18 қараша 2025 ж. 37 0