Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Ардақты ардагерлерді Көрісу күнімен құттықтады

Ардақты ардагерлерді Көрісу күнімен құттықтады

Амал мерекесінде аудан әкімі Берік Сәрменбаев ардақты ардагерлердің үйіне барып, мерекемен құттықтады. Көрісу күнінде аудан басшысымен бірге аудандық мәслихат төрағасы Ержан Әжікенов, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Ұлмекен Жанәлиева және «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы жүріп, құттықтауларын жеткізді.

Аудан әкімі алдымен соғыс және еңбек ардагері, 103 жастағы Яхия Тасыровпен көрісіп, құрмет көрсетті. Мұнан соң ақын, Қазақстанның Құрметті Журналисі Мұхтар Сақтаповты және еңбек ардагері, ақ жаулықты әже Құрманкүл Шаңбайқызын Наурыз мерекесінің бастауы болған Көрісу күнімен құттықтап, игі тілектерін жеткізді.

Ардақты қариялар ел бірлігі мен ынтымағының артуына тілектестік білдіріп, ақ баталарын берді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі

15 наурыз 2025 ж. 276 0