Інісі мен апасының арасындағы жанжал татуласу арқылы шешілді

Азамат Ж. алкогольдік масаң күйде жәбірленуші Ж.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, үй тыныштығын бұзып, отбасы тұрмыстық қарым-қатынастағы азаматтарға сыйламаушылық көрсеткен.
Сот отырысында құқық бұзушы Ж. әрекетін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрап татуласқанын көрсетіп, әкімшілік құқық бұзушылық ісін өндірістен тоқтатуды сұрады.
Жәбірленуші Ж. сот отырысында інісінің кешірім сұрағанын, оған кешірім беретінін көрсетіп, іс жүргізуді тоқтатуды сұраған.
Сот қаулысымен құқық бұзушы Ж. әкімшілік жауаптылықтан тараптардың татуласуына байланысты босатылды және мінез-құлқына 3 ай мерзімге алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі, психотроптық заттарды қолдануға толық көлемде тыйым салуды міндеттейтін ерекше талап белгіленді, іс ӘҚБтК-нің 64-бабына сай өндірістен тоқтатылды.
Сырдария аудандық соты
Фото: Н.НҰРЖАУБАЙ