Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық құрылтайда кітап сақтайтын орын бой көтеретінін атап өтті

Ұлттық құрылтайда кітап сақтайтын орын бой көтеретінін атап өтті

Алғашқы астана Қызылорда қаласында өтіп жатқан Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев еліміз үшін өзекті мәселелерді көтеріп,әлеуметтік- рухани дамуымыздың алғы шарттарын атады.

Соның ішінде Қызылорда қаласында заманауи үлгідегі кітапхана мен кітап сақтайтын орын бой көтеретінін атап өтті. Кітап адам үшін таусылмас қазына.Қазіргі жас ұрпақ осы қазынамен сусындаса болашағы кемел,білімділікке бастайтын жол болатыны анық.Мемлекеттік дәрежеде осы мәселеге көңіл аударылып отырғаны мені қуантады.Өйткені саналы,білімді ұрпақ елдің болашағы.


Жалпы Құрылтайда көтеріліп жатқан барлық мәселелер елдің жарқын болашағы,мемлекетіміздің дамуының басты бағдары екені айқын.



























Шаһарбек Нұрсейіт
Аудандық "Қазақ тілі"
қоғамының төрағасы
22 қаңтар 2026 ж. 41 0