Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Апостиль дегеніміз не? Оны қалай және қай жерде алуға болады?

Апостиль дегеніміз не? Оны қалай және қай жерде алуға болады?

Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан қойылады (апостиль) қойылады. Конвенцияның 5-бабына сәйкес, апостиль қолдардың түпнұсқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кiм екендiгiн және тиiстi жағдайларда бұл құжат бекiтiлген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалылығын куәландырады. Апостильге қойылған қол, мөр немесе мөртаңба ешқандай растауды немесе заңдастыруды талап етпейдi және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.


2001 жылғы 24 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің №545 қаулысына сәйкес, апостиль қою бойынша өкілеттікке ие ұйымдар ретінде мына мемлекеттік органдар белгіленді:
• Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
• Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі;
• Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Ақпарат және мұрағат комитетi;
• Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитет;
• Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгі;
• Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы;
• Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
• Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
Консулдық легализация немесе апостиль керек екенін қалай білуге болады?

Егер ел 1961 жылғы Гаага конвенциясының қатысушысы болып табылса –"апостиль" мөртабаны қажет. Немесе – консулдық заңдастыру қажет.

Шынайы ақпарат көзі болып заңдастырылған құжат ұсынылатын ұйым табылады, себебі бір мемлекет шеңберінде түрлі органдар шетел құжаттарын заңдастыруға түрлі талаптар қояды. Сондықтан заңдастырылған құжат тапсырылатын органда заңдастыру түріне қойылатын талаптарды нақтылау қажет.
Апостиль дегеніміз не?

«Апостиль» мөртабанын қою (кейде бұл рәсімді «жеңілдетілген заңдастыру» немесе «апостильдеу» деп аталады) 1961 жылғы 5 қазандағы Гаага конвенциясына қосылған, консулдық заңдастыру талаптарының күшін жоятын және жеңілдетілген заңдастыру рәсімін енгізетін елдерге құжаттар жолдау кезінде - "апостиль" мөртабанын қою қолданылады.

Бір жағынан апостильдеу мейлінше жылдам және оны тек қана бір өкілетті орган қоюына, ал екінші жағынан құжаттың Гаага конвенциясына қосылған барлық елдердің аумағында заңды күшіне ие болуына байланысты жеңілдетілген деп аталады.

Егер сіз құжатты дайындаған ел Гаага конвенциясына қатыспаса, оны консулдық заңдастыру қаже болады. Бұл айтарлықтай күрделі рәсім, ол құжатты ҚР Әділет министрлігінде, ҚР СІМ органдарында, бұдан кейін ҚР баратын елдің консулдылығында куәландыруды талап етеді. Бұл жерде құжат консулдық белгілісі бар елдің аумағында ғана заңды күшіне ие болады.

Сондай-ақ заңдастыру рәсімі құжат типіне негізделуі мүмкін, себебі консулдық заңдастыруға да, сондай-ақ апостильдеуге де жатпайтын құжаттар бар. Бұл негізінен коммерциялық құжаттарға қатысты: шарттар, инвойстар, коносаменттер, түрлі тауарды таратушы құжаттар және сыртқы экономикалық қызметке байланысты өзге құжаттар, олар үшін жекелеген рәсім бар – құжат ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасында, бұдан кейін баратын елдің консулдығында заңдастырылады.

1961 жылғы Гаага конвенциясына сәйкес қабырғалары апостиль 9 см кем емес шаршы нысанына ие және Конвенцияға қоса берілген үлгіге сәйкес келуі тиіс.
Апостильдің мәтіні келесі деректемелерден тұрады:
Апостиль берген мемлекеттің атауы;

Апостиль қойылатын құжатқа қол қойған тұлғаның тегі;
Апостиль қойылатын құжатқа қол қойған тұлғаның лауазымы;
Апостиль қойылған құжатты мөрмен/мөртабанмен бекіткен мекеменің атауы;
Апостиль қойылған қаланың атауы;
Апостиль қою күні;
Апостиль қойған органның атауы;
Апостиль нөмірі;
Апостиль қойған мекеменің мөрі/мөртабаны;
Апостиль қойған лауазымды тұлғаның қолы;

Апостиль Конвенцияның ресми тілдерінің (француз немесе ағылшын) біреуінде, сондай-ақ апостиль қойған мемлекеттің ұлттық тілінде қойылуы мүмкін. Іс жүзінде көп жағдайда апостильде екі тіл (Конвенция тілдерінің біреуі және ұлттық тіл) қосарланып беріледі.

«Apostille» тақырыбы француз тілінде берілуі тиіс.
Конвенцияға сәйкес апостиль құжаттың өзінде немесе құжатпен қоса берілетін жекелеген парақта қойылады.

Дархан Кузербаев
Сырдария аудандық
сотының жетекші маманы
 
21 қаңтар 2026 ж. 42 0