Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою

Апостиль – құжатқа қол қойған адамның қолын және оның өкілеттіктерін, сондай-ақ осы қағаз немесе электрондық нысандағы құжат бекітілген мөрдің немесе мөртаңбаның түпнұсқалығын растайтын арнайы мөртаңба.

Апостиль қою рәсімінің мақсаты – Гаага конвенциясына қатысушы елдердің аумағында қолданылатын түпнұсқалығы мен құжаттарға апостиль қоюды тиісті түрде рәсімдеуді қамтамасыз ету.

1961 жылы 5 қазандағы Гаага конвенциясына сәйкес, басқа бір мемлекеттің аумағында пайдалануға арналған, белгілі бір мемлекеттің өкілетті органдар берген құжаттарда арнайы мөртабан (апостиль) қойылады.

Конвенцияның 5-бабына орай, апостиль қолдардың түпнасқалылығын, құжатқа қол қойған адамның кім екендігін және тиісті жағдайларда бұл құжат бекітілген мөрдің немесе заңдастыруды талап етпейді және бұл құжатты Гаага конвенцияға қосылған барлық мемлекеттерде пайдалануға болады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 19 қаңтардағы №106 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сот Әкімшілігі туралы ереженің 6-тармағына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының" 10-бабының 1-тармақшасына сәйкес "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары бекітілген.

"Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою" жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтін Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі және оның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астананың аумақтық бөлімшелері көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін жеке және заңды тұлғалар көрсетілетін қызметті берушіге "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы қағаз тасығышта не "электрондық үкіметтің" веб-порталы www.egov.kz арқылы электронды түрде, не Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігінің кеңсесі арқылы апостиль қоюға өтінішті "Сот органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою жөніндегі" мемлекеттік көрсетілетін қызмет тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бірге береді.

Осы мемлекеттік қызмет түрін пайдалану үшін аранйы үлгідегі өтініш, жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат, апостиль қою үшін ұсынылатын сот органдарынан шығатын ресми құжат, көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін үшінші тұлға білдірген жағдайда, нотариалды куәландырылған сенімхат, көрсетілетін қызметті алушының тегінің, атының, әкесінің атының өзгергенін растайтын құжаттың көшірмесі, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын түбіртек қажет.

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 615-бабының
7-тармақшасына сәйкес әрбір апостильденген құжат үшін 0,5 АЕК-тің (3932) мөлшерінде әр құжат үшін 1966 теңге мемлекеттік баж салығы алынады.

Дархан КУЗЕРБАЕВ,
Сырдария аудандық сотының жетекші маманы
Фото: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ
26 ақпан 2025 ж. 102 0