Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сөз қадірінің сарқылуы: қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі

Сөз қадірінің сарқылуы: қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі

Қазіргі таңда қазақ қоғамында тіл мәдениетінің әлсіреуі жиі айтылатын мәселеге айналды. Әлеуметтік желілердегі қысқарған сөздер, аралас тілдің белең алуы – сөз қадірінің бұрынғыдай бағаланбай бара жатқанын көрсетеді.

Қазіргі қоғамда тіл мәдениетінің әлсіреуі айқын байқалып отыр. Соңғы жылдары әлеуметтік желіде де, күн­делікті өмірде де адамның сөзі өзгеріп барады. Әдеби норманы сақтап сөй­леу сирек кездесетін дағдыға айналды. Қазақы сөйлеу әдебі, сөздің салмағы мен орны – біртіндеп құн­сызданып бара жатқандай. Бұл құ­былыс неден басталды және қайда апарады? Әлеуметтік желілердегі қыс­­қарған мәтіндер, жаргондар мен аралас тілдің жиі қолданылуы – сөз қа­дірінің бұрынғыдай бағаланбай бара жатқанын көрсетеді. Қазақ халқы үшін сөздің салмағы ерекше еді. «Өнер алды – қызыл тіл» деген ұстаным бүгін­гі ақпараттық тасқынның арасында көмескілене бастағандай.

Жылдам ақпарат алмасатын заманда адамдар ойды толық жеткізуден гөрі қысқа жазуды жөн көреді. Хабар­ламалардағы «ок», «мхм», «пж» секіл­ді қысқартулар әдеби тілдің орнын тарылтуда. Бұл үрдіс әсіресе жастар арасында кең тараған. Тез жазу – тілдің табиғи құрылымын жеңілдетіп, маз­мұннан гөрі жылдамдықты алдыңғы орынға шығарып қойды. Уақыт үнем­деу мақсатында қолданылатын мұндай сөздер біртіндеп күнделікті сөйлесу дағдысына еніп, тілдің байлығын да, дәлдігін де азайтуда. Бүгінгі оқы­лым деңгейінің төмендеуі де сөз мә­де­ниетіне тікелей әсер етеді. Көркем әдебиет – тілдің ең бай мектебі. Ал кітап оқылмаған жерде сөздік қор да өсіп, ой да тереңдемейді. Нәтижесінде сөз саптау қарапайымданып, сөйлем құрылымдары кедейленіп барады. Оқыр­ман азайған сайын тілдің көркем­дік қуаты да төмендейді. Көпшілік арасында дөрекі сөздердің ашық қол­данылуы қалыптыға айналып барады. Әлеуметтік желідегі контент, танымал тұлғалардың өз бейнелерінде дөрекі сөйлеуі, пікір жазатын ортада мәдениетінің сақталмауы – бәрі жас­өспірімдер санасына еріксіз әсер етіп, сөз мәдениетінің әлсіреуіне әкеліп отыр. Бұрынғы «сөзге тоқтау», «сөзді салмақтау» дәстүрі әлсіреп, эмоцияға құрылған, мән-мағынасы аз сөйлеу үлгілері көбеюде. Отбасы да тіл мәде­ниетінің алғашқы ұясы екенін ескеруіміз қажет. Бұрын үлкендер жастарға сөздің маңызын түсіндіріп, анық, мәдениетті сөйлеуге үйрететін. Қазір үйде де, көшеде де, интернетте де балаға дайын тілдік үлгі аз. Баланың сөйлеуі – бірінші кезекте ата-ананың сөйлегенінің көшірмесі. Үйдегі тілдік мәдениет төмендеген сайын, ұлттық сөйлеу әдебі де әлсірейді.

Тіл – ұлт руханиятының өзегі. Сөз қадірі төмендеген жерде тек мәдениет емес, қоғамның ойлау деңгейі де әлсірейді. Тілдің өзгеруі – тек сөздердің қысқаруы емес, ұлттың дүниетанымының өзгеруі екенін түсіну маңызды. Сондықтан әрбір азамат сөй­леген сөзіне жауапкершілікпен қарап, әдеби тілдің тазалығын сақ­тауға үлес қосуы тиіс. Сөз – елдің айнасы. Сөз түзелмей, қоғам түзел­мейді. Ұрпаққа бай, көркем, таза тілді қалдыру – бүгінгі буынның ең маңызды бағыттардың бірі. Сөздің киесіне құрмет көрсету – мәдениетті қоғамның, саналы ұлттың белгісі. Сондықтан әрбір азамат сөйлеген сөзіне жауапкершілікпен қарап, әдеби тілдің тазалығын сақтауға үлес қосуы тиіс.

Қанат ЗИЯТОВ,
№37 мектеп-лицейдің
11-сынып оқушысы
Фото: ашық дереккөз
27 желтоқсан 2025 ж. 253 0