«Мен саған есірткі жайлы айтып беремін»

Есірткі, ең алдымен, ессіздікке, кейін өлімге апарады. Есірткі ісік ауруларына, шаштың қурап кетуіне және терінің сұрғылттанып, тілдің күрмеліп сөйлей алмай, тіпті, мүгедек болып қалуға дейін апарады.
Ең алдымен ақша үшін біреудің өмірін бұзатын есірткі таратушы сатушылар, сіздер, елдер ертеңі емессіздерма ме? Ал сіздер құр ақша үшін есірткі сатып, өз болашақтарыңызға балта шауып жүрсіздер. Бүгін саттыңыз, ертең саттыңыз. Сіз мүмкін байып кетерсіз. Бірақ сол аралықта біреудің үміт артып отырған баласының өмірін бұзудасыз. Сол үшін ойланып, жан-жағыңызға қарап қадам жасаңыз. Сіз қазір қызық үшін, рахат үшін қолданудасыз, кейін не болады? Соны ойладыңыз ба?
Бүгінгі жасаған қателігіңіз келешекке жасаған қастандығыңыз екенін естен шығармаңыз. Кейін орны толмас өкінішке бармас үшін бүгіннен бастап өміріңізді жақсыға қарай өзгертіңіз!
Салауатты өмір салтын ұстанайық, замандастар!
Кеңесбек Асылжан,
№44 орта мектебінің 9а сынып оқушысы,
«Қызылорда ОПД ЕҚҚІҚБ тарапынан жарияланған байқауға»