Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№99

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

№97 газет

20 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Кеселге қарсы іс-қимыл – қоғам дамуының маңызды шарты

Кеселге қарсы іс-қимыл – қоғам дамуының маңызды шарты

Сыбайлас жемқорлық қазіргі заманғы қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі қауіп төндіретін жағымсыз құбылыс болып табылады. Ол мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігіне нұқсан келтіріп, азаматтардың заң мен әділдікке деген сенімін әлсіретеді.

Сыбайлас жемқорлықтың таралуы мемлекеттің тұрақты дамуына кедергі келтіріп, қоғамдық қатынастардың әділ негізде қалыптасуына тосқауыл болады. Сыбайлас жемқорлық ұғы­мы лауазымды тұлғалардың өз қыз­­меттік өкілеттіктерін жеке немесе үшінші тұлғалардың пайдасы үшін заңсыз пайдалануын білдіреді. Бұл құбылыстың пайда болуына құқықтық мәдениеттің төмен деңгейі, бақылау тетіктерінің жеткіліксіздігі, жауапкершіліктің әлсіздігі және жеке мүддені қоғамдық мүддеден жоғары қою себеп болып отыр. Мұндай жағ­дайлар жемқорлықтың жүйелі сипат алуына ықпал етеді.

Сыбайлас жемқорлықтың салда­ры қоғам үшін аса ауыр. Атап айт­қанда, әлеуметтік әділетсіздік кү­шейіп, мемлекеттік ресурстар тиімсіз жұмсалады. Экономикалық өсім баяу­лап, инвестициялық тартымдылық тө­мен­­дейді. Сонымен қатар білім беру, денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау салаларында сапаның төмен­деуіне әкеледі. Бұл өз кезегінде халық­тың мемлекеттік органдарға деген сенімінің азаюына себеп болады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кешенді және жүйелі түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бұл бағытта заңнаманы жетілдіру, мемлекеттік қыз­меттің ашықтығын қамтамасыз ету және қоғамдық бақылауды күшейту маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшілердің кәсіби жауапкершілігін арттыру жә­не олардың қызметінде адалдық қағи­даттарын қалыптастыру қажет.

Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мем­лекеттік деңгейде іске асырылуда. Арнайы уәкілетті органдар құ­рылып, сыбайлас жемқорлық құ­қық­бұзушылықтардың алдын алу және оларды анықтау бойынша нақты шаралар қабылдануда. Мемлекеттік қыз­меттерді цифрландыру және электронды форматқа көшіру жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған тиімді құралдардың бірі болып табылады. Қорытындылай келе, сыбайлас жем­қорлыққа қарсы күрес – қоғамның барлық мүшесінің ортақ міндеті. Аталған құбылысты жою үшін заң талаптарын қатаң сақтау, азаматтық жауап­кершілікті арттыру және сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәде­ниетін қалыптастыру қажет. Тек осы жағдайда ғана әділ, ашық және тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалып­тастыруға мүмкіндік туады.

Осы бағытта «Жетікөл ауыл­дық округі әкімінің аппараты» ком­мунал­дық мемлекеттік мекемесі тарапынан тұрақты түрде түсіндіру және оқыту жұмыстары жүргізілуде. Аппарат қызметкерлері мен бағынысты мекеменің қызметкерлері үшін мем­лекеттік қызмет және қызметтік әдеп нормалары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама та­лап­тары жөнінде арнайы оқулар ұйым­дастырылады. Бұл шаралар заң бұзушылықтардың алдын алу, мем­лекеттік қызметшілердің әдептілік бей­несін қалыптастыру және сыбайлас жем­қорлыққа жол бермеу мақсатында өткізіледі. Аппарат қызметінде жем­қор­лық тәуекелдерін анықтау бойынша ішкі талдау жұмыстары жылына кеміне бір рет жүргізіледі.

Сонымен қатар мемлекеттік қыз­мет­шілер заңмен белгіленген шек­теу­лерді сақтауы тиіс. Олар мүдде­лер қақ­­тығысына жол бермеуі, жеке немесе заңды тұлғалардан сыйлықтар алмауы, қызметтік өкілеттігін өз пайдасына немесе туыстарының мүддесіне пайдаланбауы қажет. Әр мемлекеттік қызметші өз іс-әрекеттері үшін заң алдында жауапты екенін терең түсінуі тиіс.

Өмірбек ТОҚПАМБЕТОВ,
Жетікөл ауылдық округінің әкімі
Фото: ашық дереккөз

27 желтоқсан 2025 ж. 23 0