Жастар аллеясы – кенттің көрікті келбеті
Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Президентіміздің Жолдауында көтерілген мәселелердің барлығы қазақстандық қоғам үшін өзекті. Әсіресе, жастарға бағытталған бастамалар ерекше қуантады. Аудан жастарының болашағы үшін де білім, еңбек және мүмкіндік теңдігін қамтамасыз ету – ортақ міндет болып табылады.Биыл Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Президентіміздің Жолдауында көтерілген мәселелердің барлығы қазақстандық қоғам үшін өзекті. Әсіресе, жастарға бағытталған бастамалар ерекше қуантады. Аудан жастарының болашағы үшін де білім, еңбек және мүмкіндік теңдігін қамтамасыз ету – ортақ міндет болып табылады.
Осы ретте бірер жыл бұрын аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық Фракциясының қолдауымен «Жастар» аллеясын салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінген болатын. Қазіргі таңда жүйелі жұмыс жоспары орындалып, жастар үшін қолайлы мекенге, демалыс орнына айналды.
Жастар аллеясы – жастардың бос уақытын тиімді өткізуіне, демалуына және өзіндік белсенділігін арттыруға арналған қоғамдық кеңістік. Мұндай аллеялар Қазақстанның қалалары мен елді мекендерінде абаттандыру бағдарламалары аясында ашылған.
Осы орайда жастарға арналған аллея мен демалыс орыны олардың жан-жақты дамуына, саламатты өмір салтын қалыптастыруына және әлеуметтік белсенділігін арттыруға зор мүмкіндік береді.
Тереңөзекке кіреберісінде бой көтерген «Жастар» аллеясы қазіргі таңда серуендейтін орталық, заманауи орындықпен, жасыл желектермен безендірілген. «Жастар» аллеясы болашақ жастарды елінің тағдырына бейжай қарамайтын, жоғары азаматтық жауапкершілікке ие, отансүйгіш, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін және қоғамдық өмірге белсене араласатын тұлға ретінде қалыптастыруға бағытталған маңызды әлеуметтік жоба болып табылады. Аталған аллея жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың мәдени, рухани және физикалық дамуына жағдай жасап, саламатты өмір салтын ұстануына ықпал етеді. Сонымен қатар, «Жастар» аллеясы түрлі патриоттық іс-шара, тәрбиелік кездесуді өткізуге арналған ашық алаң ретінде қызмет атқарады. Жас ұрпақтың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыруға, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға өз үлесін қосады. Осындай жобалар арқылы жастардың әлеуеті ашылып, олардың мемлекет дамуына қосар үлесі арта түседі.
Өз кезегінде «AMANAT» партиясы қолға алған «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы аясында «Жастар» аллеясында аудан жастарымен бірге тазалық жұмыстары жүргізіліп отырады.
Ақтоты ӨТЕПБЕРГЕНОВА











