Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Адамды кесе ұстағанына қарап-ақ тануға болады (тест)

Адамды кесе ұстағанына қарап-ақ тануға болады (тест)

(1 минуттық психологиялық тест)

Кім туралы білгіңіз келеді? Оның шай кесені немесе бокалды қалай ұстайтынына қарасаңыз жеткілікті. Бұл психологиялық тест еркекке де, әйелге де, үлкен мен кішіге де арналған.
1-НҰСҚА
Бокалды бір қолмен, саусақ ұштарымен ұстау тума лидерлерге тән. Кербез, маңғаз, өзіне сенімді, өзін-өзі қатты жақсы көреді. Сондай-ақ, бұл адамда «нарциссизм» ноталары кездеседі, яғни ол өзін және өз мүддесін басқалардан жоғары қояды. Мақсатына жету жолында өзгенің өзі туралы айтылған кертартпа, басқа да сөзін, пікірін елемейді.
Оның орны – басшылық, басқару қызметінде. Әйткенмен, бокалды дәл осылай ұстайтынның бәрі бастық, директор деп ойлап қалмаңыз. Табиғат берген лидерлік қасиетін пайдала білмейтіндер де бар. Мұндай адам жетекші маман, бас маман, я болмаса қатардағы жұмысшы болса, жоғары қызметке сәл-пәл ұмтылса, көздегеніне жылдам жете алады. Өйткені, онда жауапкершілік пен ұйымдастырушылық қасиеті жоғары.
Ұстанымы: «Ит үреді, керуен көшеді».
Тілін тапқыңыз келсе, басқарамын деп әуре болмаңыз, бағыныңыз, шынай түрде мақтаңыз.
2-НҰСҚА
Ол бокалдағы шайды, кофені екі қолымен ұстап ішеді ме? Қараңызшы, бір қолына екінші қолы көмектесіп тұр. Демек, ол әрдайым өзгенің демеуін, медеуін, қолдауын, тым болмағанда көңіл аударғанын қалайды. Романтикаға жақын, жаны тез жараланғыш. Жасы қаншаға келсе де ол мәңгі өзін кішкентай бала секілді сезінеді. Алайда, бойы өссе де ойы өспей қалған деген түсініктен аулақ болыңыз.
Шығармашылық, өнер адамы. Ол сүйіспеншілікті, мейірімділікті бірінші орынға қояды. Опасыздықты, сатқындықты кешіре алмайды. Кінәмшіл, кекшіл, ренішті ұзақ уақыт ұмытпайды. Ал, адамгершілікті бағалайды.
Ұстанымы: «Махаббат – өмір көркі».
Тілін тапқыңыз келсе, қамқор болыңыз, жүрекке жылы тиетін жылы сөзіңізді жиі айтып, ол көңілсіз кезде уақытыңыз бен көңіліңізді көбірек бөлгеніңіз жөн.
3-НҰСҚА
Бокалды барлық саусақтарымен нықтап және бір қолмен қысып ұстаса, онда алдыңызда отырған адам өте сабырлы, шыдамды, қуанышта да, қайғыда да шектен аспайтын ұстамды жан. Мінезі де, сөзі де салмақты. Тыныштықты жақсы көреді.
Басқаға аса пайдасы тимесе де ешкімге зияны жоқ. Сырт көзге тұйық, суық көрінгенімен, өз өмірі мен ісіне жауапты, еңбекқор, отбасына мейірімді. Жалпы, кез келгенге ұнамды, жағымды ол.
Ұстанымы: «Мен ешкімге ешнәрсе міндетті емеспін. Басқалар да маған ештеңе міндетті емес»!
Тілін тапқыңыз келсе, орынсыз мазалай бермеңіз, көп сұрақ қоймаңыз, жасандылықтан, өтірік айтудан алыс болыңыз.
4-НҰСҚА
Бокалдың бетін алақанымен жаба, яғни ұстағышынан емес, жоғары жағынан ұстаса, онда ол қызуқанды, шытырман оқиғалардың ортасында жүретін, қауіпті жұмысты атқаруға құмар, тәуекелшіл адам.
Оның көңіл күйі үнемі көтеріңкі. Ойын-сауықты, у-шу, думанды ортадан шабыт алады. Болмашыға болаттай езілмейді. «Солай болайын деп тұрған да, мейлі. Мұндай хан қызында да болады» деп, ары қарай қадамын жасайды. Өткен өміріне орала беретіндерді ұнатпайды және өзі қанша рет сүрінсе де болашағына үміт артып, алға жылжуды тоқтатпайды. Үнемі қозғалыста.
Ұстанымы: «Өмір – театр, біз актерміз. Өмірде басты рөлді сомдау үшін талантты актер болу керек»!
Тілін тапқыңыз келсе, позитивті болыңыз, оптимист болыңыз. Заманға сай өмір сүріңіз.
Ж. НҰРАБАЙҚЫЗЫ,
ERNUR.KZ


03 шілде 2018 ж. 1 767 0