Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Меценат мерейі

Меценат мерейі

Жерлестер мақтанышына айналған кәсіпкер Мақсұт Әбілдаев – туған өлкенің шын жанашыры. Сәкен Сейфуллин ауылынан түлеп ұшқан азамат соңғы жылдары ауыл ахуалын тұрақты назарға алып, қамқорлық қолын созуда. Меценат Мақсұт Әбілдаев көптеген қайырымдылық шараларына үн қосумен қатар ауыл мектебіне, жарықтануына қаржы бөліп келеді.

Жақында Елордадан ақжолтай хабар жетті. Сырдария ауданының Құрметті азаматы, «Жел-Кен-Вент» ЖШС директоры Мақ­сұт Әбдіғаппарұлы елімізде қа­йы­рым­­дылық пен ізгі істерді наси­хаттау­дағы еңбегі үшін «Қайы­рым­дылық саласындағы құрметті атақ» иегері атанды.

Мақсұт Әбдіғаппарұлына атал­­ған марапат жақында Астана қаласында Қазақстан Респуб­ликасы Мәдениет және ақпарат министрлі­гінің ұйымдастыруымен өткен ХІІ Республикалық Азаматтық форум аясында арнайы табысталды.

Бұл атақ кәсіпкерге көп жылдар бойы туған жердің әлеуметтік, мәдени және рухани дамуына қос­қан зор үлесінің, ел игілігі жолындағы игі істерінің нәтижесінде берілді, еңбегі лайықты бағаланды.

Меценаттық қызметі мен аза­маттық ұстанымы арқылы аудан жастарына өнеге болып жүр­ген Мақсұт Әбдіғаппарұлының бұл жетістігі – Сырдария ауданы жұртшылығы үшін де зор мақ­таныш.

Айту керек, жерлестер мақта­нышына айналған кәсіпкер Мақсұт Әбілдаев – аудандық газеттің тұ­рақты қолдаушысы. Қолдауының жарқын көрінісі ретінде кәсіпкер жыл сайын сырдариялық бірқатар ардагерге аудандық «Тіршілік тынысы» газетін тегін жаздыртып береді. Сонымен қатар жас журналист Балтабай Ордабековтің жарық көрген алғашқы кітабы «Әке – қорғаным» жинағының жарыққа шығуына демеу­ші болды.

«Тт» ақпарат

21 қазан 2025 ж. 274 0