30 отбасы көмек алды

– Қайырымдылық – халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. Халықтың осал топтарына жасалған бұл көмек жаңа жылдың алғашқы күнінде ерекше көңіл күйге бөледі. Туған күнімнің қарсаңында жасалған қайырымдылық шарасына дән ризамын. Қайырымдылықты қажет ететін жандарға тұрақты түрде қол ұшын беріп, көмегін аямай жүрген жомарт жанға алғысым шексіз, – дейді ауыл тұрғыны Бейбіткүл Алмағанбетова.
«Жанашырлыққа жан риза» дегендей сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Осыған дейін де елді мекендегі мекемелердің қызметкерлері 6 отбасына құны 45 мың теңгенің көлемінде азық-түлік таратып көмектерін берген болатын. Сонымен қатар, «С.Сейфуллин Жер» ЖШС-і «Ақ көгершін» бөбекжай балабақшасының тәрбиеленушілеріне және қарамағындағы қызметкерлердің балаларына сыйлықтар табыстады. «Құндызды Жер» ЖШС-і аталған балабақша балалары мен қызметкерлерінің отбасына жаңа жылдық сыйлықтар беріп, балаларды қуантқан болатын.
Сауабы мол іске атсалысқан кәсіпкерлерге тұрғындар шынайы ризашылығын білдіруде.
Айдана ҚАЛИЕВА