Жол қозғалысы – тәртіп пен заң

Іс-шара барысында тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қоғамдық тәртіпті бақылауды күшейтті. Негізгі назар жылдамдықты арттыру, мас күйінде көлік басқару және қауіпсіздік белдігін тақпау секілді ережебұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
- Қызмет атқару барасында барлығы 359 әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталып, оның ішінде 78 көлік құралдарын айып тұрағына қойылған. Іс-шараға Қызылорда облысының Полиция департаментінің 434 қызметкері, 142 автопатрульдеу бағытында патрульдік полициясының -188, учаскелік полиция 195 және қалалық, аудандық бөліністерінің басқа салаларынан 50, басқа қызмет салаларынан қызметкерлер жұмылдырылды. Жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша 6849 өрескел құқық бұзушылықтар анықталды,- деді Мұратбек Мейрамбекұлы.
Өңірлік коммуникациялар қызметі